• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ОБЛЫС ӘКІМІ ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ АЛМА АҚДӘУЛЕТОВАНЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Алма Ақдәулетованың үйіне барып, келе жатқан мерекемен және туған күнімен құттықтады.

Нұрлыбек Машбекұлы ұлағатты ұстазға ұзақ жыл бойы аянбай еңбек еткені үшін алғыс білдіріп, зор денсаулық тіледі.

«Сіздің өмір,  еңбек жолыңыз, жеткен жетістіктеріңіз – ізіңізден ерген жас ұрпаққа өнеге. Жоғары білім беру, ғылым саласындағы дара жолыңызды осы бағытты таңдаған талапкерлер үлгі тұтады. Облыстық партия,  атқару комитетінде ер азаматтармен қатар жүріп атқарған қызметтеріңіз қай кезде де қоғам құрметіне бөленді.  Облыстық кеңес депутаты, әйелдер қоғамының төрайымы болған кездегі елге сіңірген еңбегіңізді жұртшылық жоғары бағалады. Сізді алдымыздағы  арқасүйер үлкеніміз, жанашыр тілекшіміз ретінде әрдайым құрмет тұтамыз. Қамқор пейілмен, ақ ниетпен айтатын ақыл-кеңестеріңізден Сыр елінің жарқын болашағына деген жанашырлығыңызды, мол тәжірибеңізден түйген тағылымыңызды байқаймыз», – деді құттықтау сөзінде Нұрлыбек Машбекұлы.

Айта кетейік, Алма Танабайқызы 8 наурыз күні 90 жас мерейтойын тойламақ. 1950-1954 жылдары Қызылорда  педагогикалық институтында оқыған ол осы институтта оқытушы болып, студенттерге дәріс берген. Еңбек жолында 1969 жылы Қызылорда облыстық партия комитетінің ғылым және білім бөлімінің меңгерушісі, 1973 жылы облыстық Кеңес атқару Комитетінің жауапты хатшысы, 1978-1988 жылдары облыстық комсомол комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Алма Ақдәулетова – облыстық дәрежедегі дербес зейнеткер. Қазақстан Республикасының «Құрмет белгісі» орденінің, «Ерен еңбегі үшін» медалінің, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Құрмет грамотасының иегері. Кеңестер Одағы деңгейіндегі Әйелдер съезіне делегат болған. ҚР Президентінің «Алғыс хатымен», көптеген медальмен марапатталған. Қызылорда облысының Құрметті азаматы.

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 06.03.2023
  • 196
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика