• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚ ХАЛАТТЫ НӘЗІК ЖАНДАРДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Ана мен бала орталығы және «Persona Medical» клиникасының қызметімен танысып, осы ұжымдарда қызмет ететін қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады.

«Елімізде Президент тапсырмасымен ана мен баланың  денсаулығын жақсарту үшін бірқатар жұмыстар атқарылуда. Кәсіпкер демеушілігімен облыс орталығында  "Анаға тағзым" орталығының құрылысы салынуда. Көпбалалы отбасыларға көрсетілетін көмек мөлшері де жыл өткен сайын ұлғайып келеді.

Ана мен бала орталығы ұжымының әр әйелдің ана бақытын сезінуіне қосқан үлесі өлшеусіз деп білемін. Жарық дүние есігін ашқан әр нәресте мен оның анасына қамқорлықтарыңызды аямай,  қызмет көрсетіп келесіздер. Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында әр отбасы іңгәлаған сәби үнімен тербеліп,  бақытқа кенелуде. Барлығыңызды көктемнің көркем мерекесімен құттықтай отырып,  еңбектеріңізге табыс тілеймін! Әр үйдің базары – балаларымыздың болашағы жарқын болсын,  аналарымыздың денсаулығы зор болсын!», – деді құттықтау сөзінде Нұрлыбек Машбекұлы.

Мекеме ұжымымен сұхбаттасу кезінде аймақ басшысы жаңа туған сәбиінің атын қоюды сұраған ана тілегін орындап, Алаш ардақтысы, ақын Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай балаға Мағжан деген есім берді.

Облыс әкімі орталықтағы жаңа туған нәрестелерді реанимациялау бөлімшесінің, перзентхана блогының және қарқынды терапия бөлімінің жұмысымен танысты.

Еске салсақ, 320 орындық Ана мен бала орталығы 2014 жылы пайдалануға берілген. Мұнда 713 қызметкер еңбек етуде. Өткен жылы мекеменің артық жүктемесін төмендету үшін жүктіліктің физиологиялық ағымы бар әйелдерді емдеуге арналған 50 төсектік қосымша ғимарат ашылды. Алдағы уақытта Қызылорда қаласында 200 төсектік перинаталдық орталықтың жаңа ғимаратын салу жоспарлануда. Ана мен бала денсаулығын жақсарту мақсатында облыстық перинаталды орталық базасында кеңес беру-диагностикалық бөлімі ашылды.

Әрі қарай аймақ басшысы облыс орталығындағы танымал емдеу мекемелерінің бірі – «Persona Medical» клиникасына барды. Клиника 2017 жылдан бастап қызмет атқарып келеді, ауысымына 150 келушіге арналған. Мұнда 50 дәрігер жұмыс жасайды, олардың 90%-ның жұмыс өтілі 25 жылдан асады. Бүгінгі таңда 12 560-тан астам бала осы клиникада кеңес алып, ем қабылдаған.

Облыс әкімі мекемедегі ультрадыбыстық зерттеу, стоматология және арнайы мамандардың қызметімен танысты. Ұжымдағы қыз-келіншектерге ізгі тілегін білдіріп, клиника жұмысына сәттілік тіледі.

 

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

 

  • 06.03.2023
  • 203
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика