• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ЖАҢА БАСПАНА КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев ел ағаларымен бірге сол жағалауда бой көтерген 40 пәтерлі жаңа көпқабатты тұрғын үйді баспанасы апатты деп танылған тұрғындарға салтанатты түрде тарту етіп, қоныс тойымен құттықтады.

- Кейінгі жылдары Сыр өңірінде тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып, қала аумағы әлдеқайда ұлғайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Сыр еліне деген қолдауымен аймақта берекелі істер атқарылуда. Облыс орталығында қаланы көріктендіріп, ажарын айшықтай түсетін бірқатар зәулім ғимараттың іргетасы қаланып, әлеуметтік нысандарды салу сәтті жүзеге асуда.

Осының алдында жерлесіміз Болат Өтемұратовтың қолдауымен салынатын «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалының іргетасын қалау рәсіміне қатыстық. Терминалдың құрылысы келер жылы аяқталып, ел игілігіне табысталатын болады, – деді аймақ басшысы Н.Нәлібаев.

Биыл облыс орталығын көркейтуге қомақты қаражат бөлінуде. Атап айтқанда, Бейбарыс сұлтан көшесінің Назарбаев даңғылынан «Қызылорда-Құмкөл» трассасына дейінгі бөлігі қайта жаңғыртылып, кеңейтіліп, абаттандырылмақ. «Қазақстан темір жолы» басшылығы темір жол вокзалы ғимараты мен перронын қайта жаңғыртуға қаражат бөлмек. Сондай-ақ, жыл аяғына дейін Сырдарияның сол жағалауына инвестор қаржысына құны 800 млн. теңгені құрайтын жаңа автовокзал салу жоспарлануда.

«ҚазГерМұнай» компаниясы басшылығымен келісім нәтижесінде қалада заманауи үлгідегі Оқушылар сарайының жобасы басталады. Құны 1,6 млрд. теңгені құрайтын Неке сарайы ғимараты шілде айында пайдалануға берілмек. Ал құны 3,7 млрд. теңге болатын 1000 орындық Өнер орталығы желтоқсан айында, сол жағалаудағы құны 2,7 млрд. теңгені құрайтын Қан орталығы 2024 жылы ел игілігіне табысталады.

Іс-шарада «Құрмет» орденінің иегері, Қызылорда қаласы және Арал ауданының Құрметті азаматы Имамадин Оңғарбаев тұрғындарды қуанышымен құттықтады және  Сырдария ауданының Құрметті азаматы Әбдіғаппар Әмiрғалиев жиылған қауымға ақ батасын берді.

Қоныс той иелерінің атынан зейнеткер Әлима Әбішева алғыс білдіріп, жерлестерін Наурыз мерекесімен құттықтады.

Анықтама үшін: аймақта өткен жылы 604,0 мың шаршы метр тұрғын үй, оның ішінде, бюджет қаржысы есебінен Қызылорда қаласында СПМК-70 тұрғын ауданында екі 40-пәтерлі және екі 50-пәтерлі кредиттік тұрғын үй пайдалануға берілді.

Биыл қаржыландырудың барлық көзі есебінен 692 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек. Тұрғын үй құрылысына облыстық бюджеттен  2,7 млрд.теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржыға 982 пәтерлі 23 тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Оның ішінде сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 462 пәтерлі 12 тұрғын үй бар.

Несиелік тұрғын үй құрылысы бойынша биыл Қызылорда қаласында 520 пәтерлі 11 тұрғын үйдің құрылысын жүргізіп, пайдалануға беру жоспарлануда.

Бұдан бөлек, Сырдария өзенінің сол жағалауында 84 пәтерлі 7 қабатты 6 тұрғын үйдің құрылысы басталады деп күтілуде.

@Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 

  • 15.03.2023
  • 223
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика