• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мәдиев Ж.Х.
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Енді қазақстандықтар көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полисінің электрондық нұсқасын пайдалана алады

2020 жылы Мемлекет басшысы Қазақстан Халқына Жолдауында, ақпараттың цифрлық расталуын қамтамасыз ете отырып, неғұрлым талап етілетін анықтамалар мен қағаз құжаттарды цифрлық нұсқасымен алмастыруды тапсырды.

Жеке куәлік, баланың туу туралы куәлігі, некені қию және бұзу, атын, тегін, әкесінің атын өзгерту сияқты алғашқы цифрлық құжаттар мен анықтамалар дәл сол кезде пайда болды.

Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасы бойынша осы бағыттағы жұмыстар күшейтіліп, электрондық құжаттардың тізімі өсті. Ал, 2022 жылдың жазында цифрлық құжаттарды қолдануға заңды рұқсат беретін беретін цифрландыруды дамыту туралы заң қабылданды.

Бүгінгі таңда цифрлық құжаттар тізімінде жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты, туу туралы куәлік бар. Жақында осы тізімге біз ҚР азаматының паспортын, сондай-ақ елімізде тұруға рұқсат беретін ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамдарға берілетін куәлікті қостық. Осылайша жүйеде барлығы 20-дан астам цифрлық құжат бар.

Бұл жолы eGovMobile қосымшасындағы цифрлық құжаттар сервисі тағы бір қызметпен толықтырылды. Енді қазақстандықтар көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полисінің электрондық нұсқасын пайдалана алады.

Сақтандыру полисі ресми түрде қағаз құжатпен қатар заңды күшіне ие және сақтандыру компаниясы, сақтандыру полисінің мерзімі және тағы басқа ақпаратты қамтиды.

Сандық сақтандыру ыңғайлы, өйткені кез-келген уақытта, мысалы, оның жарамдылық мерзімін, сенімділігін және басқа деректерді тексеруге болады.

Барлық мәліметтер Цифрлық даму министрлігі, ҚР Ұлттық Банкі және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның үйлестірілген жұмысының негізінде «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ-ның ақпараттық жүйесімен интеграциялау арқасында қолжетімді болды.

Құжаттарды цифрландыру бойынша жұмыс жалғасады, болашақта біз біртіндеп жаңа өнімдерді ұсынатын боламыз.

  • 16.03.2023
  • 257
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

Мәдиев Ж.Х.
(Мұрағат)

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика