- Блогтар
- Есқараев А.Н.
Есқараев А.Н.
ҚР Әдiлет министрi
Әділет Вице-министрі Абай облысы Аягөз ауданының тұрғындарымен онлайн кездесу өткізді
Ағымдағы жылдың 17 наурызында Әділет Вице-министрі Алма Муканова Абай облысы Аягөз ауданының тұрғындары және қоғамдастық өкілдерімен онлайн кездесу өткізді.
Халықпен кездесу барысында сот актілерін орындауға, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге, мұрагерлік істі, адвокаттық және нотариаттық қызметті жүргізу тәртібіне қатысты проблемалық мәселелер айтылды, олар бойынша Вице-министр қолданыстағы заңнама шеңберінде түсініктемелер берді.
Алма Муканова заң көмегін көрсету саласындағы инновациялар туралы, атап айтқанда, тегін заң көмегіне кепілдік берілген адамдар тобын кеңейту туралы хабардар етті. Осылайша, аз қамтылған және көп балалы отбасылар, тұрмыстық зорлық-зомбылық, азаптау құрбандары, 1 және 2 санаттағы мүгедектер, зейнеткерлер тегін заң көмегіне жүгіне алатындығы жайлы қатысушылар назарына жеткізді.
Заң консультанттарына кепілдендірілген тегін заң көмегін көрсету құқығы берілді.
Сонымен қатар, Вице-министрдің хабарлауынша, нотариаттық мәмілелер негізінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды жеделдетілген электрондық тіркеу енгізілді, бұл азаматтардың «Мемлекеттік корпорацияға» оларды тіркеу үшін, қағаз құжаттармен жүгіну қажеттілігін болдырмаудың алдын алады. Атап айтқанда, құжаттарды ресімдеу бір жұмыс күнінен екі сағатқа дейінгі мерзімге қысқартылды.
АХАЖ саласындағы рәсімді жеңілдету аясында некені тіркеу мерзімі 15 күнге дейін қысқартылды. «Электрондық үкімет» және «eGovmobile» порталы арқылы туу, неке және қайтыс болу туралы куәлікті электронды түрде алуға болады. Сонымен қатар, жаңа туған нәрестеге туу туралы куәлікті Екінші деңгейдегі банктердің (Kaspi және Halyk Банктің) мобильді қосымшалары арқылы алуға болады.
Атқарушылық іс жүргізу бойынша Алма Муканова атқарушылық іс жүргізу – Абай облысы бойынша ғана емес, бүкіл ел бойынша ең ауыр мәселелердің бірі екенін атап өтті. Абай облысы бойынша барлығы 11 мемлекеттік және 51 жеке сот орындаушылары қызметін жүзеге асырады.
Бүгінгі күні олардың өндірісінде 255 902 мың атқарушылық өндіріс бар, олардың 132 515 мыңы өндірілген. Көрсетілген санның басым бөлігін алименттерді өндіріп алу бойынша құжаттар құрайды. Абай облысы бойынша бұл 9 мыңнан астам іс.
Бұл ретте жекелеген борышкерлер нақты материалдық мүмкіндіктерге ие бола отырып, балаларына жәрдемдесуден әдейі жалтарады немесе өз мүлкін жасырады.
Алимент өндіруге қатысты іс жүргізу процессінде сот орындаушылары мәжбүрлеу сипатындағы шараларды қабылдайды.
Сонымен қатар, қазақстандықтар үшін берешекті мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде және қоғамдық орындарда орнатылған терминалдар, сондай-ақ Каспий банкі мен Қазпошта мобильді қосымшалары арқылы онлайн режимде төлеу мүмкіндігі берілді (Kaspi.kz және Post.kz). Берешек толық өтелген кезде атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (АІЖО ААЖ) шоттарға тыйым салуды және шығуға тыйым салуды автоматты түрде жояды.
Бүгінгі таңда Әділет Министрлігі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жалпыға бірдей тегін қол жеткізуді қамтамасыз еткенін атап өтті, бұл кәсіби заңгерлерге ғана емес, қарапайым азаматтарға ресми тіркелген нормативтік құқықтық актілердің мәтінімен танысуға мүмкіндік береді.
Әділет министрлігінің 119 нөмірі бойынша тәулік бойғы құқықтық ақпараттық қызметі жұмыс істейді, ол халыққа барлық құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес береді. Әділет министрлігінің сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда құқықтық түсіндірме ақпарат орналастырылады.
- 17.03.2023
- 194