• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫН ҚҰРМЕТПЕН ШЫҒАРЫП САЛДЫ

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев актив отырысында ҚР Парламенті Мәжілісіне депутат болып сайланған Мархабат Жайымбетов пен Мұрат Ергешбаевті жаңа қызметтеріне шығарып салды.

Аймақ басшысы Мархабат Жайымбетұлы мен Мұрат Нәлхожаұлының аймақ дамуына қосқан зор үлесін атап өтіп, алғыс білдірді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен еліміз үшін аса маңызды саяси реформалар жүзеге асуда. Бір жылға жуық уақыт ішінде бес саяси науқан өтті. Кешегі саяси науқанда сайлау жүйесіндегі ерекшеліктерге сәйкес көппартиялықты дамытуға, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне азаматтардың қатысу аясын кеңейтуге басымдық берілді. Сыр жұртшылығы елдігімізді, тату тірлігімізді, береке-бірлігімізді тағы да дәлелдеп, республика бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткіздік.

Дана халқымызда «Береке бастауы— бірлік, ел іші тату тірлік» деген жақсы сөз бар. Мархабат Жайымбетұлы мен Мұрат Нәлхожаұлы Мәжіліс мінберінен облысымыздың күрмеулі мәселелерін көтеріп, шешім табуына зор үлес қосады деп сенім білдіреміз. Алдағы қызметтеріңізге абырой тілейміз, ел сенімін ақтай беріңіздер!», - деді облыс әкімі.

Сыр елінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесі үшін Мархабат Жайымбетов пен Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Өз кезегінде жаңадан сайланған депутаттар аймақ басшысына, өздеріне қолдау білдірген барша сырбойылықтарға алғыс білдірді. Өңір дамуына барынша жанашырлық танытып,  атсалысатындарын айтты.

Жаңадан сайланған депутаттарға кезінде осы қызметті абыроймен атқарған ел ағалары Бақберген Досманбетов, Самұрат Имандосов және облыстық мәслихат төрағасы Наурызбай Байқадамов игі тілек білдірді.

Еске салсақ,  19 наурыз күні ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау өтті. Саяси додада ел азаматтары халықтың сенім үдесінен шығып, сайлаушылардың басым дауысымен жеңіске жетті. Оның ішінде Қызылорда облысынан «AMANAT» партиясы ұсынған тізімге енген Жайымбетов Мархабат Жайымбетұлы, Ергешбаев Мұрат Нәлқожаұлы, Әбенов Мұрат Әбдуламитұлы және «Республика» партиясы тізіміндегі Қожаназаров Айдарбек Асанұлы Мәжіліс депутаты болып сайланды.

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 03.04.2023
  • 176
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика