• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҒАЛЫМ ТҰРСЫНБАЕВ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

 

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен актив отырысында 2022 жылдан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы қызметін атқарып келген Ғалым Тұрсынбаевты жаңа қызметке шығарып салды. Ғалым Сұлтанұлы ендігі қызметін квазимемлекеттік секторда, яғни «Қазақгаз Ұлттық Компаниясы» АҚ «ҚазТрансГазӨнімдері» еншілес компаниясы Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры лауазымында жалғастырмақ.

«Ғалым Сұлтанұлы – мемлекеттік басқару саласында мол тәжірибе жинаған, еңбек жолын Шымкент қаласында жылыжай комбинатының жұмысшысынан бастап жоғары басшылық лауазымға дейін іздену жолынан өткен, мемлекеттік кәсіби аппараттың қызметін дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтардың бірі. Бұған дейін еліміздің 6 облысында, оның ішінде Қызылорда облысында 3 рет
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне басшылық жасады. Жоғары білімімен, өз ісінің нағыз шебері ретінде кәсіби ортада мойындалған бірегей кадр»,  – деді облыс әкімі.

Мемлекеттік қызмет саласында атқарған еңбегі үшін Ғалым Тұрсынбаев Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Жиында облыстық мәслихат төрағасы Наурызбай Байқадамов, облыстық ардагер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев және облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Әріп Хожбанов Ғалым Сұлтанұлын құттықтап, жаңа қызметте сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Ғалым Сұлтанұлы аймақтағы кадр әлеуетін кәсіби дамытумен қатар, облыс тұрғындарына мемлекеттік қызметтердің сапалы әрі дер кезінде көрсетілуіне бағытталған тың жобаларға дәнекер болды. 2012 жылы Сыр өңірінде алғаш рет құрылған «Сыр болашағы» жас мемлекеттік қызметшілер мектебі бүгінге дейін жемісті еңбек етіп, құрамы жыл сайын жас мемлекеттік қызметшілермен толығуда. Ғалым Сұлтанұлының тікелей басшылығымен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңбұзушылықтарды азайту үшін ұйымдастыру шаралары жүзеге асырылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының мемлекеттік органдар жұмысын бюрократиядан арылту туралы тапсырмасына сәйкес өңірде басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру және артық кедергілерден арылту мәселелері бойынша уәкілетті органдарға 57 ұсыныс беріліп, нәтижесінде мемлекеттік қызмет саласын жетілдіруге бағытталған 10-нан аса нормативтік құқықтық акт қабылданды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес департамент бастамасымен «Басшылар байланыста» атты қоғамдық қабылдау жобасы сәтті жүзеге асырылды. Аймақтағы мемлекеттік органдардың ашықтығы мен жариялығын қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды шаралар атқарылды.

Департаментпен бірлескен жұмыстардың нәтижесінде өткен жылдың қорытындысымен Қызылорда облысы әкімдігі қызметінің тиімділігі жоғары бағаланып, меритократия және ұйымдастырушылық мәдениет бағыттары бойынша алдыңғы қатардан көрінді. Мемлекеттік қызметшілерді ынталандырып, олардың қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған «Үздік ауыл әкімі», «Үздік мемлекеттік қызметші», «Бақытты отбасы» сынды түрлі форматтағы республикалық шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыруға атсалысты.

 

 

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 11.04.2023
  • 226
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика