• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ОБЛЫС ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕРДІ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев еңбек ардагері, Қуанышқали  Шапшановты және жазушы, мәдениет қайраткері Бегімбай Ұзақбаевты мерейтойымен құттықтады.

Аймақ басшысы мерейтой иелерінің жарқын жолы мен ғибратты ғұмырын өскелең ұрпаққа үлгі ету керектігін атап өтті.

«Еңбек ардагері, Арал ауданының құрметті азаматы,  Шапшанов Қуанышқали Рахманбердіұлы мерейлі 80 жасқа, жазушы, Мәдениет қайраткері, Арал және Қазалы аудандарының құрметті азаматы Ұзақбаев Бегімбай Ұзақбайұлы мерейлі 75 жасқа толды. Екі ағамыз да айдынды Аралдың жағасында туып, көк теңіздің толқынынан нәр алып, туған жерінің құрметіне бөленіп келеді. Расында қасиетті де құтты мекен —Сыр елінде елдік мүддені жоғары қоятын, парасаты биік, адами болмысы жоғары, абыройлы ағаларымыз жетерлік», - деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Ардақты азаматтардың көпжылдық еңбегіне лайықты сый-сияпат ретінде оларға Қызылорда облысының «Құрмет» грамотасы табысталды.

Мерейтой иелерін облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы Әріп Хожбанов, қоғам қайраткері Биғали Қаюпов, еңбек ардагері Сайлаубай Әбішев, ел ағасы Имамадин Оңғарбаев, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Қызылорда облыстық филиалының директоры Қаршыға Есімсейітова құттықтады.

Қуанышқали Рахманбердіұлы 1943 жылы Арал ауданы, Құланды ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1962 жылы осы ауылдағы 8 жылдық мектептің мұғалімдігінен бастаған. 1967 жылы Қызылорда қалалық атқару комитетінде нұсқаушы, 1967-1980 жылдары облыстық комсомол комитетінде лекторлар тобының жетекшісі, облыстық партия комитетінің лекторы және нұсқаушысы болған. 1980-1989 жылдары Қазалы аудандық атқару комитеті  төрағасының орынбасары, төрағасы, 1989-1993 жылдары облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары, облыстық әкімшіліктің аппарат жетекшісі болып абыройлы қызмет атқарды. Одан кейін 11 жылдан астам уақыт аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасын басқарды. Өңірдің экологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қоршаған ортаны қорғауға елеулі үлес қосты.  Германия, Израиль, Латвия, Литва және Ресейде өткен халықаралық форумдар мен ғылыми - тәжірибелік конференциялар мінберінде Арал теңізінің зардабы туралы баяндамалар жасады. Аймақтың экологиялық ахуалына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар назарын аударды. Одан кейінгі жылдары облыстық орман және жануарлар дүниесін қорғау басқармасында жауапты қызметтер атқарып, өнегелі ізін басатын шәкірттер тәрбиеледі. Зейнетке шыққаннан кейін де облыстың қоғамдық-саяси өмірінен шет қалмай, белсенді араласты. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі ретінде 200-дей ғылыми-публистикалық мақала жазып, «Арал өңірінің экологиясы», «Қызылорда облысының экономикасын экологияландыру», «Сүтқоректілер көбеюінің биотехнологиясы мен эмбриоинженериясының негіздері» монографияларын шығарған.

Бегімбай Ұзақбайұлы 1948 жылы 15 сәуірде Арал ауданы Қаратерең ауылында туған. Шығармашылықпен шұғылдана жүріп, бар саналы ғұмырын бірінші кезекте мемлекет ісіне арнаған.

Бегімбай Ұзақбайұлы алғашқы еңбек жолын өзі дүниеге келген Аралдың Қаратерең ауылында балық өңдеу зауытында жұмысшы болып бастаған. Кейіннен мектепте тарихшы ұстаз, одан соң комсомол, партия, кеңес органдарында ұзақ жылдар жауапты қызметтер атқарды. Сонымен қатар, Аралдағы Қазанғап атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің құрамында көрерменін өнерімен тәнті еткен.

Тырнақалды туындылары  Арал аудандық «Толқын» газетінде жарияланған. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін, Алматы Жоғарғы партия мектебін, Мәскеудегі Одақтық ғылым академиясының қысқа мерзімді курсын бітірді. Бегімбай Ұзақбайұлының «Жалаңтөс», «Сартай батыр», «Байзақ», «Марал баба», «Сопы әзіз», «Алдаспандар рухы» «Қарабура», «Байқазақ» тарихи романдары және 17 прозалық кітабы Сыр өңірінің руханиятына салынған мол олжа болып, қомақты үлесін қосты.

 

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 17.04.2023
  • 166
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика