• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ: А. КӨЛГІНОВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов ауылдардағы апатты  мектептер мен денсаулық сақтау нысандарында болды. Жастармен, сондай-ақ ауыл тұрғындарымен «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысу мәселелері бойынша кездесу өткізді.

 

Президент тапсырмаларын орындау аясында білім беру, денсаулық сақтау және жұмыспен қамту мәселелері ерекше бақылауда. Мектеп тапшылығы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы арқылы және "Білім беруді қолдау" қорының көмегімен шешілетін болады. Соның арқасында үш жыл ішінде өңірде 30-дан астам білім беру нысанын салу межеленген.

Қызылорда облысында медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру үшін биыл облыстық қан орталығы, мамандандырылған емханасы бар 300 төсектік (онкологиялық бөлімшесі бар) көпсалалы аурухана, Арал ауданы Сексеуіл ауылында 40 төсектік аурухана құрылысын салу жоспарланған.

Жастарды жұмыспен қамту - Қызылорда облысындағы өзекті мәселелердің бірі. Жастар ресурстық орталығында өткен кездесуде мемлекет ұсынған мүмкіндіктер туралы айтылды. Атап айтқанда, жұмысқа орналасуға жәрдемдесуде  жалақыны субсидиялайтын «Бірінші жұмыс орны» және оқу процесінде еңбек тәжірибесін жинауға көмектесетін «Жастар практикасы» жобалары іске қосылды.  «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 5-7 жылдан аспайтын мерзімге, жылдық 2,5%-дан бастап, икемді шарттармен 5 млн теңгеге дейін кредиттер беру арқылы жастардың кәсіпкерлік бастамаларын  қолдайды. Қызылорда облысында 2023 жылы осындай жобаларды іске асыруға 1,2 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Қазіргі уақытта 7 өтінім мақұлданды. Бизнесті дамытудың тағы бір тәсілі-халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтары үшін өтеусіз грант табыстау.

А. Көлгінов жастармен белсенді жұмыс істеу, қолдаудың барлық тетіктері туралы түсіндіру  қажеттілігіне назар аударды.

«Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жастар мәселелерін шешудің пәрменді тетіктері енгізілді. Жастарды оқыту, жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға көмектесу, тұрғын үй сатып алуына жәрдемдесу және басқа да бағдарламалар қолға алынуда. Көбінесе жастар мұндай мүмкіндіктер туралы білмейді. Ақпараттандырудың, кері байланыс орнатудың барлық тәсілдерін қолдану қажет. Өйткені жастарды қолдауға қаражат қарастырылып, толық көлемде бөлінетін болады»,-деп атап өтті ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға бағытталған. Оны Қызылорда облысында іске асыруға биылға 3 млрд теңге қарастырылған.

Премьер-Министрдің орынбасары Қызылорда қаласына қарасты Баймұрат батыр ауылы тұрғындарымен кездесіп, бағдарламаның шарттары туралы айтып берді.

 «Ауыл аманаты» ауыл тұрғындарына өз бизнесін бастауға немесе бұрыннан бар бизнесті дамытуға мүмкіндік береді.  Ол үшін жеңілдікпен кредит мөлшерлемесі енгізілді, бюджеттен қомақты қаражат бөлінуде. Ауыл тұрғындарынан талап етілетін басты нәрсе – бастама көтеру мен жұмыс істеуге деген ұмтылыс. Ауылда жайлы өмір сүру үшін жағдай жасалуда: мектептер, ауруханалар, жолдар, инженерлік инфрақұрылым салынуда. «Ауыл аманаты» бағдарламасы-ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттырудың тағы бір қадамы»,-деп атап өтті Үкімет басшысының орынбасары.

  • 17.04.2023
  • 188
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика