• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазалы ауданының Ү.Түктібаев елді мекенінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу рәсіміне қатысты.

Аймақ басшысы ауыл тұрғындарын құттықтап, өңірде спорт инфрақұрылымын дамытуға ерекше мән берілетінін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өз Жолдауында «Денсаулық кепілі – дене шынықтыру. Халықтың спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалуы қажет» деген болатын. Былтыр Қазалы ауданының дамуына 29 млрд.теңгеден астам қаржы бөлінсе, биыл 30 млрд.теңгенің үстінде қаражат қаралуда. Оған сіздерді бұрыннан толғандырып жүрген, халыққа ең керекті әлеуметтік мәселелер рет-ретімен шешілетін болады. Спорт кешенінің ашылуымен сіздерді шын жүректен құттықтаймын. Ауылда қуаныштар көп болсын», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Шара барысында Ү.Түктібаев ауылының қоғамдық кеңес төрағасы Тәжімұрат Төремұрат өз лебізін білдіріп, бата берді.

Айта кетейік, спорт кешенінің жалпы алаңы  760,9 шаршы метр, мұнда футбол, баскетбол және волейболдан  жаттығу өтеді.

Жаңа спорт кешенін көріп шыққаннан кейін аймақ басшысы ауыл тұрғындарымен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Қазіргі таңда облыс бойынша 10 денешынықтыру және спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. Бұдан бөлек, биыл облыс орталығынан құны 6,9 млрд. теңгені құрайтын көпсалалы спорт кешенінің құрылысын бастау жоспарланған.

Аймақ спортшылары Қазақстан Республикасы чемпионаты мен кубоктарында 1 078 медаль жеңіп алса, Әлем және Азия чемпионаты мен кубоктарында
218  медальға қол жеткізді. Осылайша Сыр спортшылары соңғы бес жылдықтағы рекордты жаңалады.

Өткен жылы грек-рим күресінен Сербияның Белград қаласында өткен
Әлем чемпионатында Ұлттық құрама сапында жерлесіміз
Айдос Сұлтанғали қола жүлдені олжаласа, «Қазақстан барысы-2022» турнирінде жеңімпаз атанған жерлесіміз Мақсат Исағабылов туған жеріне бас жүлдені үшінші рет әкелді.

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 29.04.2023
  • 179
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика