• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
ОБЛЫС ӘКІМІ ҒАСЫР ЖАСАҒАН АРДАГЕРГЕ АВТОКӨЛІК КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

Бүгін аймақ басшысы  Нұрлыбек Нәлібаев Шиелі ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Сәрсенбек Байжановтың үйіне барды.

Облыс әкімі абыз ақсақалды ғасырлық мерейтойымен құттықтап, Сыр жұртшылығы атынан автокөлік кілтін табыстады.

«Қазақта «қос тойың қабат болсын, екі дүниең абат болсын» дейді. Биыл сіздің 100 жасқа толуыңызбен қатар Ұлы Жеңістің 78 жылдығын да тойлаудамыз. 9 мамырды Ұлы Жеңіс мерекесі десек те, оған жететін жолдың қаншалықты  ауыр болғанын бүгінгі ұрпақ ешқашан ұмытпайды. Туған елдің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жанын қиған боздақтарымызды біз мәңгі есте сақтаймыз. Майдан даласында Отан үшін кеудені оққа тосқан ерліктеріңіз бен қайсарлықтарыңыз үшін бас иіп алғыс білдіреміз», - деді облыс әкімі.

Ғасыр куәгері Сәрсенбек Байжанұлы береке-бірлік бар жерде ғана істің алға басатынын айтып, ақ батасын берді.

Сәрсенбек Байжанов 1923 жылы Шиелі ауданында дүниеге келген. Соғыс жылдары Сталинградтың Солтүстік  батысындағы Магеллан қаласындағы  шайқасқа қатысқан. Сол жолы көзінен, қолынан, аяғынан жарақат алып, бір жылдай госпитальда емделген. Екінші топтағы соғыс мүгедегі болып елге оралады. «Қызыл жұлдыз», «Германияны жеңгені үшін» ордендерімен және Ұлы Отан соғысының 50, 60, 65, 70, 75 жылдық мерекелік медальдарымен  марапатталған. Жұбайы Жәмила Сейітжанқызымен бірге 5 ұл, 6 қыз, 40 немере, 65 шөбере және 3 шөпшек тәрбиелеп өсірген.

Айта кетейік, бүгінде облыста 6 Ұлы Отан соғысының ардагері бар.

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 10.05.2023
  • 170
Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика