• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
АҚСУАТҚА ТАБИҒИ ГАЗ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Ақсуат ауылдық округіне көгілдір отын қосу рәсіміне қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Аса маңызды мәселелердің бірі – ауылды кешенді түрде дамыту. Ауылдарға нақты қолдау көрсетіп, заманауи инфрақұрылымды дамытуымыз керек» деген болатын. Өткен жылы 14 газдандыру жобасын жүзеге асыруға 8,7 млрд.теңге бөлініп, нәтижесінде 6 ауылды газға қостық. Осылайша өңірдің газдандыру деңгейі 70 пайызға жетті. Биылға республикалық бюджеттен 7,4 млрд. теңге бөлініп, 2022 жылы  басталған 7 жоба жалғастырылады. Оған қоса 12 жаңа жобаның құрылысы басталады. Оның ішінде, Қосшыңырау ауылдық округінің Абай, Досан елді мекендеріне де газ жеткізу жобалары бар. Демеушілердің қаржы көздерінен 100 млн. теңгеге Сабалақ саяжайына табиғи газ желісін тартудың жоба-сметалық құжаттары әзірленуде», - деді аймақ басшысы.

Ауыл тұрғындарын қоғам қайраткері Айтбай Көшербаев пен ауыл ақсақалы, қоғамдық кеңестің төрағасы Өмірсерік Әбуов құттықтады.

Іс-шара қонақтары зейнеткер Сейітқасым Тәуірбаевтың үйіне табиғи газ қосу сәтіне куә болды.

Әрі қарай облыс әкімі Ақсуат ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, сұрақтарына жауап берді.

Айта кетейік, осы ауылдық округті газдандыруға республикалық және жергілікті бюджеттен 4,9 млрд.теңге бөлінді, мердігер мекеме - «Алия Сервис» ЖШС.

Бүгінде Ақсуаттың инфрақұрылымын дамыту үшін «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, қазір 79,9 млн. теңгеге 3 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, 5 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Ұлттық қордан 350,9 млн. теңге қаралып отыр. Сондай-ақ, жаңадан қоныстанушылар тұратын 32 көшеге электр желілерін жүргізу үшін жоба- сметалық құжаттар әзірленіп, 1 млрд. теңге бөлу жөнінде республикалық бюджетке өтінім ұсынылды. Аймақ басшысы «Бәйтерек» тұрғын ауданындағы су жинағыш құрылғының жұмысымен танысты. Нысан құрылысы 2022 жылдың тамыз айында басталып, биыл сәуір айында аяқталды. Мұнда тереңдігі 440 м 7 ұңғыма мен 3 резервуар бар. Құрылғының қуаттылығы 7200 м3. Одан кейін облыс әкімі шағын аудан тұрғындарымен кездесті.

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 12.05.2023
  • 205
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика