- Блогтар
- Мәдиев Ж.Х.
Мәдиев Ж.Х.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Байланыс сапасын тексеру үшін Астанадағы Манхэттен тұрғын үй кешені мен қала маңындағы Талапкер, Қажымұқан ауылдарына бардық
Манхэттеннің тұрғындары байланыс мүлдем жоқ деп шағымданған. Өткен жылдың соңында біз байланыс операторларына айыппұл салып, бұзушылықтарды жою туралы бұйрық бергенбіз.
Байланыс операторларының біршама жұмыс атқаруының арқасында бұл жерде мобильді интернет қолжетімді болды. Бірақ бұл, әрине, жеткіліксіз. Радиожиілік қызметінің өлшеулері байланыс сапасының әлі де төмен екенін көрсетеді. Сондықтан тағы да айыппұл жазып беруге тура келді.
Байланыс кеңінен тарау үшін қосымша базалық станциялар орнату қажет. Бұл тұрғын үй кешенінде тұратын абонентердің арасында базалық станция орнатуға қарсылық білдіретіндері де бар.
Операторлардың айтуынша, олар базалық станцияларды кез келген уақытта орнатуға дайын, алайда тұрғындардың қарсылығы кедергі болады. Мысалы, бүгінгі күнде 57 қарсылық бар.
Талапкер ауылы
Бұнда байланыс сапасы едәуір жақсарған. Тексерістер мен бұзушылықтарды жою туралы бұйрықтардан кейін операторлар базалық станцияларын орнатып, құрал-жабдықтарын жаңғыртқан. Байланысты қзім тексеріп көрдім, бәрі талаптарға сай жұмыс істеп тұр.
Ауылдарда базалық станцияларды орнату кезінде мәселелер жылдамырақ шешілетінін атап өткім келеді, өйткен тұрғындар интернетке қосылу үшін жабдықтарды орнату керектігін түсініп, қарсылық білдірмейді.
Қажымұқан ауылы
Өткен жылы салынға айыппұлдардың нәтижесін көрейін деп бұл ауылға тағы да келдік. Базалық станциясын мұнда тек Билайн орнатыпты, басқа операторлар алдағы үш айда орнатамыз дем үәде беріп отыр.
Міндеттерін орындамағандарға тағы да айыппұл салынды.
Аудан әкімімен сол жерде мәселені шешіп, жабдықтарға жер бөлуге келісім алдық. Бұйрықтың мерзімі аяқталуға таяған кезде міндетті түрде берген уәделерініңорындалуын тағы бір келіп тексеремін. Бұл мәселе бақылауымда.
- 17.05.2023
- 164