- Блогтар
- Есқараев А.Н.
Есқараев А.Н.
ҚР Әдiлет министрi
ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев Лорд Манс төрағалық ететін АХҚО сотының делегациясымен кездесті
Кездесу барысында Азамат Есқараев Мемлекет басшысының жүзеге асырып жатқан саяси реформалары туралы айтып, қазақстандық инвестициялық бағдарламаны тиімді іске асыруда АХҚО сотының маңыздылығын атап өтті.
АХҚО сотының төрағасы Лорд Манс ағылшын құқығы жүйесінің принциптері туралы хабардар етіп, заңның үстемдігін қамтамасыз ету шеңберінде әкімшілік әділет жұмысының өзектілігін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша ҚР Әділет министрлігі мен АХҚО сотының одан әрі ынтымақтастығын аттыра түсуге уағдаласты.
- 18.05.2023
- 191