• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ «ТҰРАН» СЫЙЛЫҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысып, Сыр елінің мәдениет қызметкерлері мен сала ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

«Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Ұлт мәдениеті – халық өмірінің айнасы, оның болмысы. Сол себепті азаматтарымыздың рухы әрқашан биік болуы үшін мәдениетімізге, яғни, руханиятымызға баса мән бергеніміз жөн», – деген болатын. Бүгін Өздеріңізге ақжолтай жаңалықпен келдік. «Сырдың елі – жырдың елі» атанған қасиетті мекеннің абыройын асырып, бақ-беделін сақтауға үлес қосушы мәдениет және өнер, әдебиет өкілдерінің сан жылдан бергі тілегі – облыс әкімінің мәдениет және әдебиет өкілдеріне арналған «Тұран» сыйлығын табыстайтын боламыз. Жүлде қоры 500 мың теңгені құрайтын облыс әкімінің сыйлығы әдебиет пен өнер өкілдерінің шығармашылығын шыңдауға септігін тигізетініне сенімдімін.  Он жылдан астам уақыттан соң арасы үзіліп қалған дәстүрді қайта жалғадық. Талай дарын мен талант түлеген Сыр өңірінде мұндай сыйлық пен марапаттың болуы – заңдылық», – деді аймақ басшысы.

Жиында өнер иелеріне «Тұран» сыйлығын табыстау, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Еңбек ардагері» және «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттау рәсімі өтті. Мұнан бөлек, аймақтың бірқатар мәдениет саласының қызметкері Қызылорда облысының «Құрмет» грамотасымен, облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Аймақтың мәдениет ұйымдарындағы 8 өнер ұжымына 40 домбыра тарту етілді.

Мерекелік кеште ақын, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы Қаршыға Есімсейтова мен ақын Шаһизада Әбдікәрімов сөз сөйлеп, әріптестеріне игі тілектерін арнады. Аймақ басшысына өнер иелеріне қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Іс-шара соңы жергілікті өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.

Айта кетейік, биыл Сыр өңірінің мәдениет және өнер саласында көптеген жағымды жаңалық бар. Жыл соңында Қызылорда қаласындағы 1000 орындық көпфункционалды «Өнер орталығы», ал тамыз айында «Анаға тағзым» орталығы іске қосылмақ. Оған қоса өнер әлеміне қанат қаққан мүмкіндігі шектеулі өнерпаздардың шығармашылығын шыңдауға арналған Инклюзивті театр жобасы мақұлданды. Таяу арада Қызылорда қаласының әкімдігі мен облыстық мәдениет және спорт басқармасы бұған дейін үйірме ретінде жұмыс жасап келген «Жастар театрын» өз алдына кәсіби ұжым етіп құру бойынша нақты шаралар қабылдайды.

Мұнан бөлек, биыл өнердің қарашаңырағы – Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры 18 жылдан соң апталық бағдарламамен Алматы қаласына гастрольдік сапарға шығады. Үш дүркін «Алтын домбыра» иегері, жерлесіміз Мұхтар Ниязовтың жаңа ізбасарларын дайындау мақсатында өңірде тұңғыш рет «Айтыс олимпиадасы» атты облыстық жасөспірімдер айтысы өткізілмек.

Қызылорда облысының құрылғанына 85 жыл және Қызылорда қаласының 205 жылдығына орай мерейтойлық салтанат аясында бірінші рет бюджет тапсырысымен 12 сериялы имидждік телесериал түсіру жобасы қолға алынды. Қазіргі заманауи трендке айналған телесериал арқылы аймақтың жағымды бет-бейнесін жасап қана қоймай, инвестициялық тартымдылығы мен туристік мүмкіндіктері республикалық, халықаралық деңгейде насихатталмақ.

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

 

  • 19.05.2023
  • 258
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика