• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сәрсембаев Е.Ж.
Сәрсембаев Е.Ж.

ҚР Әдiлет министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Әділет министрлігінде азаматтарға заң көмегін көрсету мәселелері бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің көшпелі отырысы өтті

Бүгін, 23 мамырда QAZPATENT ғимаратында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің «Адвокаттар мен заң кеңесшілерінің білікті заң көмегін көрсетуі» тақырыбында көшпелі отырысы өтті. Отырысқа Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы, заң консультанттары палаталары қауымдастықтарының, Республикалық нотариаттық палатаның, Республикалық жеке сот орындаушылары палатасының, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар қатысты. Отырыста қатысушылар заң көмегін көрсету саласын жетілдіру және оны автоматтандыру бойынша жұмысты жалғастыру мәселелерін талқылады. Кездесуді ашқан ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев Мемлекет басшысы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бөлігінде заң қызметтерін көрсетуге ерекше назар аударуды тапсырғанын атап өтті. «Заң көмегін көрсету саласындағы өзекті мәселелерді талқылау бойынша көшпелі кеңес өткізу – уақтылы және өзекті. Бүгінгі отырыс барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі нақты шаралар Комитеттің ұсынымдарында көрсетілетін болады. Келешекте біз оларды осы саладағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс шеңберінде ескеретін боламыз», – деп атап өтті Азамат Есқараев. Айта кету керек, бүгінгі таңда республика бойынша 5 891 адвокат және 13 010 заң кеңесшісі заң көмегін көрсетуде. «2022 жылғы 20 маусымнан бастап «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңға тегін заң көмегіне кепілдік берілген адамдар тобын кеңейтетін өзгерістер енгізілді. Енді аз қамтылған және көп балалы отбасылар, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары, азаптау құрбандары, 1 және 2 санаттағы мүгедектер, зейнеткерлер тегін көмек ала алады», – деді өз сөзінде Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков. Әділет вице-министрінің айтуынша, өзгерістер енгізілгеннен кейін мемлекет кепілдік берген заң көмегін алған азаматтар саны артты. Мысалы, 2021 жылы мұндай көмек 122 337 азаматқа, ал 2022 жылы 169 495 азаматқа көрсетілді. Құқықтық кеңес беру түрінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін алған азаматтар саны артты. Егер 2021 жылы азаматтардың жалпы санының 12,6% ғана құқықтық кеңес алса, 2022 жылы құқықтық кеңес беру 32% құрады. Отырыста қатысушылар заң көмегін көрсету жүйесін одан әрі жетілдіру, «Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесін дамыту, сондай-ақ депутаттардың ұсынымдарында көрсетілетін адвокаттар мен заң консультанттарына сағаттық мөлшерлеме бойынша уақытты ықшамдау жолымен заң көмегін көрсеткені үшін төлемді ұлғайту мәселесі бойынша түзетулер енгізу жөнінде ұсыныстар айтты.

  • 23.05.2023
  • 213
Сәрсембаев Е.Ж.

ҚР Әдiлет министрi

Сәрсембаев Е.Ж.
(Мұрағат)

ҚР Әдiлет министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика