• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мәдиев Ж.Х.
Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Ұзақбайұлымен «Digital Samruk 2020» форумына қатысып, онда әріптестерім ұлттық компанияларды цифрландыру бойынша табысты кейстерді баяндады

Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Ұзақбайұлымен «Digital Samruk 2020» форумына қатысып, онда әріптестерім ұлттық компанияларды цифрландыру бойынша табысты кейстерді баяндады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Ұзақбайұлы Қорды цифрландыру еліміздің экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері тұрғысынан орасан зор әсер бере алатынын атап өтті. Өз кезегімде Қорды және оның еншілес компанияларын цифрландыру шеңберінде іске асыру мақсатында төмендегі бірнеше идеяларды ұсындым.

1. Қазпоштаны цифрландыруға байланысты мен Қазпоштаның филиалдары ауылдарда мемлекеттің толыққанды өкілі бола алатыны, пошта бөлімшелері базасында eGov-пен оқыту және электрондық үкімет қызметтерін алу бойынша шағын кеңселерді ашуға болатыны туралы айтқан болатынмын.

2. Біз ҚТЖ-мен бірге цифрлық құжаттарды пайдалану жөніндегі жобаны пысықтауды бастадық. Ағымдағы кезеңде жолаушылар өздерінің цифрлық құжаттарын eGov арқылы көрсете отырып, пойыз вагонына кіре алады. Тағы бір маңызды идея - вагондарды барлық жолаушылар пойыздарын интернетпен жабдықтау.

3. «Эйр-Астана» борттарында жолаушыларға арналған мағлұмдаманы, COVID-19 бойынша сауалнаманы электрондық жеткізгішке немесе экранға шығару мүмкіндігін қарастыруды ұсындым. Осылайша қағазбастылықты болдырмауға болады.

4. «Самұрық-Қазына» АҚ-ның барлық кадрлық жүйелерін, оның ішінде тарихи мәліметтерді қоса алғанда, жұмыскерлердің еңбек өтілі бойынша e-HR еншілес компанияларын біріктіруді, сондай-ақ алдын ала біліктілікті іріктеу талаптарына сәйкес электрондық еңбек шарттарының болуын тексеруді енгізуді ұсындым.

e-HR - бұл жұмысқа орналасу барысында құжат айналымын электрондық форматқа ауыстыру. Сондай-ақ, электрондық жеке іс және түйіндеме, цифрландырылған еңбек өтілі және т.б.

5. «Самұрық-Қазына» АҚ деңгейлес мониторинг жүргізудің пилоттық жобасына қатысуды ұсындым. Бұл жоба салықтық тексерулерді сүйемелдеуге жұмсалатын еңбек шығындарын, тексерулер жүргізу мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл сұратылатын құжаттар санын және т.б. қысқартады.

6. Цифрлық трансформация орталығы туралы ойыммен бөлістім. Орталықпен бірлесіп құзыреттердің технологиялық орталығын құруға, проблемаларға талдау, реинжиниринг жүргізуге және Қор тобына кіретін компаниялардың цифрлық стратегияларын әзірлеуге болады.

7. Қордың ірі компанияларына цифрландыру арқылы өз процестерін жеделдетуге көмектесетін тағы бір шешім - стартаптармен, креативті командалармен бірлескен жобалар. Осы тәжірибе венчурлық қорларда, Procter&Gamble, General Electric және басқаларында кеңінен қолданылады.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның Басқарма төрағасы Ахметжан Смағұлұлына Қорда цифрландыру идеясын қолдағаны және алға жылжытқаны үшін алғысымды білдіремін. Қордың барлық компанияларына жоспарланған жобалардың ойдағыдай жүзеге асуына тілектеспін!

  • 11.12.2020
  • 417
Мәдиев Ж.Х.
(Мұрағат)

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика