• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
АЙМАҚ БАСШЫСЫ ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы құрылыс нысандарын аралап,  көркейту және абаттандыру жұмыстарымен танысты.
Алдымен аймақ басшысы «Қорқыт ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалы құрылысы барысын көрді. Жоба демеушісі – «Болат Өтемұратов» жеке қоры нысанды келесі жылдың мамыр айында аяқтауды жоспарлауда. Құрылыстың жалпы құны 15 млрд.теңгені құрайды, тапсырыс беруші және мердігер мекеме  – «Accent Development Solutions» ЖШС.
Әрі қарай облыс әкімі Сұлтан Бейбарыс көшесін жөндеу жұмыстарымен танысты. Облыс орталығын көркейту үшін тұрғындардың сұранысы бойынша Сұлтан Бейбарыс көшесінің 1 шақырым бөлігі қайта жаңғыртылып, абаттандырылуда. Мердігер мекеме көшені 6 жолақты етіп кеңейтіп, субұрқақтарды орнатады. Құрылыс жұмыстары жылдың аяғына дейін жүзеге асырылмақ.
Мұнан әрі Нұрлыбек Машбекұлы «Неке сарайының» құрылыс алаңына барды. Жалпы құны 1,6 млрд.теңгені құрайтын ауқымды жоба 2022 жылдың қыркүйек айында басталған. Биыл тамыз айында пайдалануға берілмек.
Аймақ басшысы «Сырдария» шағын ауданындағы №1,2 үйлердің қасбеттерін заманауи панельмен қаптау жұмыстарын көрді. Еске салсақ, биыл облыс әкімінің бастамасымен аймақтың ірі кәсіпкерлері бірқатар көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттерін абаттандыруға қаражат бөлді. Нәтижесінде қаланың орталық көшелері ажарланып, көркейе түспек.
Нұрлыбек Нәлібаев бірінші кезекте атқарылатын жұмыстардың сапасына назар аударуды тапсырды.
«Ең бірінші кезекте жұмыс сапасына мән беру керек. Мейлі, ол ғимарат құрылысы, жол құрылысы болсын, су немесе газ жүргізсін, ең бастысы – сапа. Сондықтан жұмыс барысын күнделікті бақылау керек. Жобаны мақұлдау сатысынан бастап толық аяқталғанға дейін  жіті қадағалаңыздар», – деді аймақ басшысы.
Осындай жұмыстар Абай,  Н.Назарбаев даңғылдары мен Ғ.Мұратбаев көшесінің бойындағы көпқабатты үйлерде де қолға алынуда. Тұрғын үйлердің аулаларында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, балалар ойын алаңдары салынады.
Ал, Ғ.Мұратбаев және Яссауи көшелерінің қиылысында теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі салынады. Көпірдің ұзындығы 55 метр. Нұрлыбек Машбекұлы әзірленген жобаның сапасына жоғары баға беріп, осы тұстағы көпір мәселесі өзекті екенін атап өтті. Бюджетті жоспарлау барысында алдымен халықтың көкейіндегі түйткілді мәселелерге басымдық берілетінін қаперге салды. Аталған жоба бюджет қаражатын және уақыт үнемдеу мақсатында демеушілердің қаржысы есебінен жасалды. Нұрлыбек Машбекұлы жобаны әзірлеген компания өкілдеріне алғысын айтты.
Облыс әкімі сол жағалаудағы құрылыс нысандарын да аралады. Мұнда өткен жылы тамыз айында облыстық қан орталығының құрылысы басталған болатын. Келер жылы наурыз айында 100 келушіге арналған емханасымен бірге 300 төсектік көпбейінді аурухана ашылады.
©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

  • 31.05.2023
  • 186
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика