• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
СЫР ӨҢІРІНДЕ «ТУҒАН ЖЕРІМ МЕНІҢ – ҚАЗАҚСТАНЫМ!» ОБЛЫСТЫҚ ПАТРИОТТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Мемлекеттік рәміздері күні  Қызылордадағы Рәміздер алаңында өткен салтанатты іс-шараға қатысып,  сырбойылықтарды мерекемен құттықтады.

Мерекелік салтанат Әнұранмен басталды.

Аймақ басшысы кез келген елдің мемлекеттік мәртебесін айқындайтын басты құндылықтары – шекарасы, астанасы және Мемлекеттік рәміздері екенін атап өтті.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қасиетті нышандарымызда қазақтың мың жылдық арман-тілегі, мақсат-мұраты түгел тоғысқан. Көк байрағымыз – мызғымас мемлекеттіліктің белгісі. Елтаңбамыз – азаттықтың айшықты көрінісі. Ал, Әнұранымыз – еркіндік пен елдіктің үні. Тәуелсіздіктің осы үш символы халқымызға ерекше рух береді. Өйткені, бұл – бабаларымыздың орындалған арманы», – деген болатын. Еліміздің басты құндылықтарын құрметтеу – бәріміздің перзенттік парызымыз. Рәміздерімізді елдігіміздің ұраны, патриоттығымыздың бастауы, Отанымыздың мақтаныш символы ретінде танытуымыз қажет», - деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Патриоттық іс-шара аясында Отан, атамекен, туған жер туралы әндер орындалды.

 Мемлекеттік Ту көтерген 15-тен астам жеңіл көлік пен 10 мотошабандоздың авто және мотошеруі жиынға ерекше сән келтірді.

Айта кетейік, Сыр өңірінде ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай 100-ге жуық іс-шара ұйымдастыру жоспарланған. «Жас Ұлан» балалар-жөсөспірімдер ұйымының және «Жас сарбаз» қозғалысының мүшелері арнайы сапта жүреді. Сонымен  қатар  Байқоңыр қаласында  жалпыхалықтық патриоттық шаралар өткізілсе, барлық аудандарда Елтаңба авторы, сырбойылық  Жандарбек Мәлібековтің еңбектері насихатталмақ. Мемлекеттік Ту авторы, суретші Шәкен Ниязбековтің 85 жылдығына арналған шаралар,  патриоттық акциялар, көрмелер мен танымдық сағаттар өткізілмек.

 

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 05.06.2023
  • 208
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика