• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Н.НӘЛІБАЕВ: «МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚОЛДАУЫНЫҢ АРҚАСЫНДА СЫР ЕЛІНДЕ ТЫҢ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА»

Өткен жылы Қызылорда облысына 400 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылып, осы көрсеткіш бойынша еліміздегі үздіктер қатарынан көрінді. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.

Аймақ басшысы өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта қолға алынатын жобалар туралы баяндады.

 «Ел Президенті мен Үкіметтің Сыр өңірін ерекше қолдауының арқасында тың жобалар жүзеге асуда. Облыс 2023 жылдың 4 айы қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық дамудың макрокөрсеткіштері бойынша оң динамикаға қол жеткізді. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1,6, өңдеу өнеркәсібінің көлемі 1,9 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі 2,4, сауда көлемі 2,5, инвестициялар тарту 42,1 және құрылыс жұмыстарының көлемі 44 пайызға артты.

Бүгінде Қызылорда облысының бюджеті 593 млрд. теңгені құрайды, бұл 2022 жылғы бюджетпен салыстырғанда (387,3 млрд теңге) 205 млрд. 700 млн теңгеге, яғни 53 пайызға артық. Бюджеттің 64 пайызы немесе 378,6 млрд. теңгесі әлеуметтік салаға бағытталған», – деді Н.Нәлібаев.

Өнеркәсіп өндірісінің 70%-ға жуық үлесін алатын тау-кен секторында мұнай өндіру қордың сарқылуы салдарынан 2013 жылдан бері 6,5 млн. тоннаға азайған. Мәселен 2013 жылы 10,5 млн. тонна мұнай өндірілсе, 2022 жылы оның көлемі небәрі 4 млн. тонна болды.

Қазір жаңа кен орындарын игеру үшін «Шу-Сарысу» бассейнінде геологиялық-геофизикалық зерттеу жұмыстары аяқталып, Арал бассейнінің «Батыс» және «Шығыс» бөлігінде жалғасуда.

Мұнан бөлек, өңірде шикізатқа тәуелділікті азайту үшін экономиканы әртараптандыруға бағытталған жобаларды іске асыру жалғасын таппақ. Атап айтқанда, индустрияландыру аясында өңірде құны 607,7 млрд. теңгені құрайтын 34 жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалар 6,3 мың адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Жалпыұлттық бірыңғай жобалар пулы қалыптасып, оған құны 907 млрд. теңгеден асатын 36 жоба енгізілді. Өткен жылы құны 5,1 млрд. теңге болатын 4 жоба іске қосылды. Олар –  «Үй құрылысы комбинаты», «350 орындық мектепті кеңейту», «Балық өңдеу цехы», «Көкөніс сақтау қоймасы» жобалары. Биыл Сыр өңірінде құны 13,4 млрд. теңгенің 9 жобасы жүзеге асырылады. Бұл өңірге инвестиция тарту қарқынын арттыруға мүмкіндік береді.

Атап өту керек, өткен жылы Қызылорда облысы инвестиция тарту қарқыны бойынша республика көлемінде алдыңғы қатардан көрінді. Өңір экономикасына 409,5 млрд. теңге инвестиция салынып, облыс еліміз бойынша 1-ші орынға шықты. Биыл 424 млрд.теңге көлемінде инвестиция тарту жоспарлануда.

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 08.06.2023
  • 256
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика