• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
АЙМАҚ БАСШЫСЫ ӘРІПТЕСТЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін облыс әкімдігінде Мемлекеттік қызметші күніне орай салтанатты іс-шара өтті.

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев әріптестерін мерекемен құттықтап, өз ісін жетік білетін кәсіби мамандар қай кезде де құрметті екенін атап өтті.

«Таяуда ғана өткен ұлттық Құрылтайдың екінші жиынында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекеттік қызметшілердің бойында профессионализм, яғни нағыз маман атану және отаншылдық қасиет болуы керек екенін айтты. Бұл ретте әрбіріміз «Адал азамат» құндылығын бәрінен биік қоюға тиіспіз. Себебі Президент айтқандай, «Біз отаншылдығымызды және елге жанашырлығымызды нақты іспен көрсетуіміз керек. Адал азамат болуға ұмтылуымыз қажет. Сонда әрқайсымыз Отанымызды өркендетуге үлес қосамыз», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Іс-шара барысында бірқатар қызметкерге «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі, Құрмет грамотасы және Алғыс хаттар табысталып, «Үздік мемлекеттік қызмет көрсетуші» номинациясына лайық жеңімпаз марапатталды.

Айта кетейік, қазіргі таңда өңірде 3000-нан аса мемлекеттік қызметші аймақ дамуына елеулі үлес қосуда. Олардың тең жартысы – нәзік жандылар. Мемлекеттік қызметтегі қыз-келіншектердің 325-і басшылық лауазымды абыроймен атқаруда.

Аймақта 29 жасқа дейінгі 300-ден аса жас мемлекеттік қызметші бар. Олардың  20-сы – Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, 3-і – «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Өткен жылы 9 мемлекеттік қызметші Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының грантын иеленіп, жаңа білім дағдыларын меңгеруде.

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

  • 26.06.2023
  • 197
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика