• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТЕР ҚҰРМЕТ ТӨРІНЕН КӨРІНДІ

Сыр елінде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған «Қанатты қалам-2023» мерекелік салтанатты шарасы өтіп, аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев журналистерді төл мерекемен құттықтап, ақжарма тілегін арнады.

Аймақ басшысы ақпарат ағынынан қалмай, өз көрермендері мен оқырмандарына адал қызмет етіп, мамандығын қадір тұтқан журналистердің қоғамда алар орнына тоқталды.

«Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбында Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында: «Масс-медиа – елімізді жаңғырту ісіне ерекше ықпал ететін сала. Сондай-ақ билік пен қоғам арасындағы пәрменді байланыс құралы. Ақпарат құралдарында түрлі көзқарастар тоғысады. Оны қоғам тынысының барометрі деуге болады. Осы саладағы өзекті мәселелерді шешу үшін ақпарат саясатын түбегейлі қайта қарау қажет», - деп айтқанын білесіздер.  Бүгінде елімізде «Масс-медиа» деп аталатын жаңа заң қоғамда кеңінен талқылануда. Бұл жобаның БАҚ өкілдері үшін маңызы зор болмақ.

Сыр өңірінен шыққан жүздеген журналист әлемнің түкпір - түкпірінде, еліміздің әр өңірінде, өз өлкемізде абыройлы қызмет етіп жүр.Ел өмірінің әрбір жетістігін өз жетістігім деп біліп, қиындығына жүрегімен беріліп, әрбір сәтті қалт жібермеуге тырысатын барша баспасөз, теледидар, радио, интернет басылымдары қызметкерлерінің еңбегіне шығармашылық табыс, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға құт-береке, амандық тілейміз», - деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Аймақтың ақпарат саласының дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар БАҚ өкілі облыс әкімінің арнайы марапатына ие болып, құрмет төрінен көрінді. Қызылорда қоғамдық телеарнасының құрылтайшысы, ақын Шәкізада Әбдікәрімов Қызылорда облысының құрметті азаматы атанса, бірқатар БАҚ қызметкеріне облыс әкімі мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің марапат қағаздары табысталды. Мұнан бөлек, 20 БАҚ  өкіліне тақырыптық номинация, 10 сала ардагеріне шипажайға жолдама берілді. С.Бермағанбетов атындағы жас журналистер байқауының жеңімпаздары да арнайы марапат алды.

Бүгінде облыстың медиа кеңістігінде 148 бұқаралық ақпарат құралы жұмыс жасауда. Оның 13-і мемлекеттік болса, 135-і тәуелсіз. Олардың ішінде 120-сы газет, 25-сі интернет-сайт пен ақпараттық агенттіктер, 3-еуі телеарна, 137-сі облыстық, 2-еуі қалалық, 9-ы аудандық деңгейде ақпарат таратады.

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 01.07.2023
  • 168
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика