• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сәрсембаев Е.Ж.
Сәрсембаев Е.Ж.

ҚР Әдiлет министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жыл басынан бері Павлодар облысында алимент бойынша 129 борышкер әкімшілік жауапкершілікке, 8 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Бұл туралы 20 шілдеде Министр Азамат Есқараев Екібастұз қаласы мен Павлодар облысының тұрғындарымен және жұртшылығымен кездесуде хабарлады.

Министр өз сөзінде ҚР Әділет министрлігінің таяу кезеңдегі басым міндеттерін атап өтті, сондай-ақ саяси партиялардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының және т. б. қызметін реттейтін заңнамалардағы жаңалықтар туралы айтып өтті.

Министр Digital Justice – Цифрлық әділет бастамасы шеңберінде 12 жобаның іске асырылғаны туралы, атап айтқанда азаматтарға электрондық форматта кепілді мемлекеттік заң көмегін алуға мүмкіндік беретін «Е-заң көмегі» жүйесін әзірлеу туралы хабарлады.

Сондай-ақ, Министрдің айтуынша, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңға құқықтық кеңес беру түрінде тегін заң көмегіне кепілдік беретін тұлғалар шеңберін кеңейтетін өзгерістер енгізілді. Енді аз қамтылған және көп балалы отбасылар, тұрмыстық зорлық-зомбылық, азаптау құрбандары, 1 және 2 санаттағы мүгедектер, зейнеткерлер тегін кеңес ала алады. Сонымен қатар, олар кәсіпкерлік қызметке қатысты мәселелерді қоспағанда, соттарда ақысыз заң көмегіне жүгіне алады.

Жыл басынан бері Павлодар облысында 6 мыңнан астам азаматқа тегін заң көмегі көрсетілді.

Сонымен қатар, Азамат Есқараев Павлодар облысы бойынша 310 мың атқарушылық іс жүргізудің 17 мыңнан астам құжаттары алимент өндірістеріне жататынын хабарлады. Министр атап өткендей, алимент өндіріп алу ұзақ процесс және айтарлықтай күш-жігерді қажет етеді.

Осылайша, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында облыста алимент бойынша сот актілерін орындамағаны үшін 129 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 8 азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, алимент бойынша 240 млн. теңгеден астам берешек өндірілді, сот орындаушылардың көмегімен 136 борышкер жұмысқа орналастырылды.

Сондай-ақ, А.Есқараев мобилды қосымшаларда Министрліктің 32 қызметі бар екенін айтты, оның 28-і EgovMobile және 4-і екінші деңгейдегі банктердің мобилды қосымшаларында.

Кездесу барысында өңір жұртшылығын атқарушылық іс жүргізу, жылжымайтын мүлікті тіркеу, АХАТ, нотариат және адвокаттық қызмет мәселелері толғандырды.

  • 21.07.2023
  • 208
Сәрсембаев Е.Ж.

ҚР Әдiлет министрi

Сәрсембаев Е.Ж.
(Мұрағат)

ҚР Әдiлет министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика