• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚЫЗЫЛОРДАДА ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ КОМБИНАТЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Құрылысшылар күні қарсаңында Қызылордада ашылған үй құрылысы комбинатындағы  салтанатты рәсімге қатысты.

Аймақ басшысы жерлестерін жаңа өндіріс орнының салынуымен құттықтады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтай жиынында «Әділетті Қазақстанда еңбекқор адам ең сыйлы адам болуы тиіс. Маңдай термен тапқан әр тиын – нағыз ардың ісі» екенін айтты. Ал адал еңбек етуді алтын қағидатына айналдырған құрылысшылар қауымын бағалап, лайықты құрмет көрсету – біздің міндетіміз! Темір-бетон бұйымдарын шығаратын зауытты іске қосу аймақтағы құрылыс саласын дамытуға, тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылым құрылысының көлемін кеңейтуге жол ашады. Мұндай өндірістер бізге құрылыс шығындарын едәуір азайтуға, импортқа тәуелділікті төмендетуге, сондай-ақ капиталдың шет елдерге кетуін шектеуге  мүмкіндік береді», - деді аймақ басшысы.

Мерекелік іс-шарада құрылыс саласының ардагері Ақмұрат Мадияров құттықтау сөз сөйлеп,   Қызылорда облысының Құрметті азаматы Жарылқасын Шәріпов бата берді.

Айта кетейік, үй құрылысы комбинаты еден, жол плитасы, іргетас блоктары, маңдайша, таспалы іргетас, баспалдақ сияқты өнімдер шығарады. Жаңа зауыт сағатына 80 текше метр тауарлы бетон және күніне 120 текше метр темір- бетон бұйымдарын өндіруге қауқарлы. Кәсіпорында 100-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды.

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 14.08.2023
  • 164
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика