• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
СЫР ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРЫ МАРАПАТ ТӨРІНЕН КӨРІНДІ

Қызылорда қаласында Құрысшылар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Салтанатты жиында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құрысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады.

«Құрылысшылар – сәулет өнерінің шеберлері ғана емес, адал еңбектің иелері. Сары аяз қыста да, шіліңгір шілденің аптап ыстығы мен боз  жауынды қоңыр күзге қарамастан құрыш білектің қуатын ғимарат салуға арнайтын қадірлі мамандық иесі.  Сондықтан әрбір шебер қолды құрылысшының туған өлкеміздің дамуында  қолтаңбасы бар. Бүгінде өңірде құрылыс индустриясы қарқын алып келеді. Заманауи ғимараттар салынып, жаңа ықшам аудандарда көпқабатты тұрғын үйлер бой көтеріп, аймақ ажарына әр қосты. Миллиардтаған теңгенің ірі жобалары да құрыш қолды құрылысшылардың табандылығының арқасында жүзеге асуда. Биыл Сыр елі құрылыс жұмыстарының көлем көрсеткіші бойынша республикада алдыңғы қатарда», - деді аймақ басшысы.

Мерекелік іс-шарада облыс әкімі Тәуелсіздік жылдары облысымыздың өсіп-өркендеуіне, әлеуметтік нысандардың бой көтеруіне ерекше атсалысқан азаматтарға, майталман мамандарға түрлі марапат табыстады.

Атаулы күні қазақ эстрадасының жұлдыздары Мәдина Сәдуақасова, Әміре, Маржан Арапбаева және Садраддин ән шырқап, мереке думанға ұласты.

Айта кетейік, мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде биыл облыс аумағында 8,8 млрд. теңгеге 26 тұрғын үйдің және 46 млрд. теңгеге 62 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде. Соңғы 3 жылда тұрғын үй құрылысының көлемі 112 пайызға  өсіп, 3 мыңнан аса азамат жаңа пәтерге ие болды. Биыл құрылыс көлемі одан әрі артып, 692,3 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.

Қазір әртүрлі деңгейдегі 150 жобаның құрылысы жүзеге асуда. Бұған мемлекеттік бюджет есебінен 72,3 млрд.теңге  бөлінді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артқан.

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 14.08.2023
  • 162
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика