• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ КӨЛЕМІ БОЙЫНША ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

Бүгін ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Онда 2023 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, республикалық бюджеттің атқарылуы, жаңа оқу жылына дайындық. мәселелері қаралды.

ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 7 ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндап, ең жоғары өсім көрсеткен салалар — құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс екенін атап өтті. Оның ішінде, құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша Қызылорда облысында даму қарқыны жоғары.

«Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,2 пайызға ұлғайды. 17 өңірде өсім тіркелді. Әсіресе құрылыс-монтаждау жұмыстарының  өсімі Жетісу, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Абай облыстарында байқалды», - деді министр.

Үкімет отырысынан кейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министр берген тапсырмаларды пысықтау мақсатында жиын өткізді. Аймақ басшысы жаңа оқу жылына дайындық мәселесіне тоқталды.

«Біз барлық  шараларды қабылдап, жаңа оқу жылына ұйымдастыру-дайындық жұмыстарын жүйелі  жүргізуіміз керек. Бұл тек білім басқармасының ғана жұмысы емес. Қала, аудан әкімдері де жұмысқа жұмылуы керек. Оқу процесі еш кедергісіз басталуы тиіс! Білім беру ұйымдары қажетті құрылғылармен,  құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілуі міндетті. Көмекке мұқтаж отбасылардың балаларына барлық қолдау шараларын жүзеге асырыңыздар. «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық акциясына жергілікті кәсіпкерлерді тарта отырып, ұйымдастыру керек. Акцияның мақсаты – балаларды тек оқу құралдарымен қамтамасыз ету емес, сабаққа бармай қалған балаларды анықтау. Оларға нақты көмек көрсетілуі тиіс», - деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Облыс әкімінің аппараты қаладағы бірқатар мектептердің дайындығына инспекторлық бақылау жұмыстарын жүргізгенде, бірқатарында  әлі де жұмыстар толығымен аяқталмағанын анықтады. Сондықтан қала және аудан әкімдері барлық мектептерге осылай зерделеу жүргізіп, дайындығын жеке қадағалауға алуы керек. Сонымен қатар мектептер жылу беру маусымына толық  дайын болуы қажет. Облыстық басқармалар мен қала, аудан әкімдері жоспарланған қаражатты толық, сапалы және уақытылы игеру үшін тауар жеткізушілермен, мердігерлермен тиісті жұмыстар жүргізуі керек. Жиын қорытындысында жауапты басшыларға жаңа оқу жылы қарсаңында жоспарланған жұмыстарды мерзімінде аяқтау жүктелді.

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 17.08.2023
  • 167
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика