• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ОБЛЫС ӘКІМІ «SINOMACH» КОМПАНИЯСЫНА ӨҢІРДІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫН ТАНЫСТЫРДЫ

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «China national machinery industry corporation (Sinomach)» компаниясының Қазақстан Республикасындағы Бас өкілі Ли Цзинвэй мырзамен кездесіп, Қызылордада кальцийленген сода зауытын салу мәселесін талқылады.

Аймақ басшысы өңірдегі шыны зауытының негізгі өндірістік компоненттерінің бірі – кальцийленген содаға жылдық сұраныс 36 мың тонна екенін айтып, аталған өндірісті Сыр өңірінде құруды ұсынды.

«Біз қытайлық тараппен өзара байланысты арттыруға бағытталған перспективалы жобаларды іске асыруға ниеттіміз. Сіздерге өңірдегі инвестиция қажет ететін 72 жобаның тізімін ұсынамыз. Әлеуетті индустриялық жобаларды орналастыру үшін облыста инженерлік инфрақұрылым жүргізілген индустриялық аймақтар құрылған (су, газ, электрмен жабдықтау, кәріз, авто және теміржол және т.б.) және 324 гектар бос жер учаскелері, бірқатар дайын өндірістік объектілер бар. ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетімен жасалатын келісім-шарт шеңберінде инвестициялық преференциялар, яғни заттай грант, кедендік баждардан, қосылған құн салығынан босату, салықтық преференциялар көзделген. Мемлекет тарапынан отандық өнімдерді сыртқы нарыққа шығару үшін кәсіпорындарға жан-жақты сервистік қолдау, жол шығындарын 80%-ға дейін өтеу қарастырылған», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Өз кезегінде Ли Цзинвэй мырза Сыр өңірінде жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыруға ниет білдірді.

Айта кетейік, Sinomach компаниясының негізгі активтері «YTO Group» ауыл шаруашылығы және құрылыс техникасын өндіруші, «China Hi-Tech Group Corporation» тоқыма жабдықтары мен талшықтарын өндіруші және  «China Machinery Engineering Corporation» құрылыс компанияларына тиесілі. Сондай-ақ, компанияның құрамына Қытай ауыл шаруашылығын механикаландыру академиясы, 27 еншілес компания мен акциялары қор биржаларында тізімделген 13 компания кіреді. Елімізде Жамбыл облысында филиалы бар.

Еске салсақ, қазір Қызылорда облысы инвестиция тарту және әлемнің озық тәжірибелерін игеру мақсатында жан-жақты әріптестік орнатуда. Өткен айда Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары кезінде облыс әкімі мамандарды тегін оқыту бойынша Меморандумға қол қойды. Мұнан бөлек, мамыр айында облыс делегациясы Корея Республикасының Сеул, Тэджон қалаларына және Чоллабук-до провинциясына барды. Осы  сапарда Кореяның жетекші жоғарғы оқу орындарының президенттері және өңір басшыларымен екіжақты ынтымақтастықты дамыту туралы Меморандумдар жасалды.

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 17.08.2023
  • 162
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика