• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ж.МАХАМБЕТОВ АУЫЛЫНДА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Конституция күні қарсаңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласына қарасты Ақсуат ауылдық округі Ж. Махамбетов ауылындағы жаңа спорт кешенінің ашылу рәсіміне қатысты. Еңселі ғимарат «Самұрық-Қазына» қорының 15 жылдығы тұсында ауыл тұрғындарына тарту етілді.

Іс-шараға «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов қатысты.

Аймақ басшысы ауыл тұрғындарын жаңа спорт кешенінің ашылуымен құттықтады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аймағымызда спорт саласын дамытуға айрықша көңіл бөлінуде. Ел Президентінің бастамасымен өткізілген «Балалар жылында» демеушілер 1 млрд. 600 млн. теңгенің 80 спорт-ойын алаңын балдырғандарға тарту етті. Соның 50-і Қызылорда қаласында орнатылды. Демеушілер бұл жұмыстарды биыл да жалғастырды. Үкімет қолдауымен аймақта спорт құрылымдарын дамыту үшін ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Бүгінде облыста 11 спорт кешенінің құрылысы қарқын алды. Оның ішінде, Тасбөгет кенті мен Қызылжарма ауылдық округінде салынуда», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов құттықтау сөзінде қызылордалық спортшылардың алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруына тілектестік білдірді.

«Өңірлердегі қайырымдылық жобаларын қолдау – «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметіндегі басым бағыт. Ж.Махамбетов ауылында көпсалалы спорт кешенін салу өзіміз бастама танытқан жоба екенін атап өткім келеді. Мұнда қажетті спорттық құрал-жабдықтар бар, спорт секциялары мен алаңдарда мектеп оқушыларынан  бөлек тұрғындар да жаттыға алады. Өскелең ұрпақтың денсаулығы біздің балаларға жасайтын қамқорлығымызға тікелей байланысты. Әрбір жоба арқылы біз олардың болашағына керекті сапалы білім берумен қатар, әлеуметтік ахуалын жақсартамыз. Осы спорт кешенінен чемпиондар өсіп шықсын деген ақ ниеттеміз!», – деді қордың Басқарма төрағасы.

МерекелІк іс-шарада ауыл ақсақалы Қыпшақ Рүстембеков ел ағалары атынан бата берді.

Аумағы 1504 шаршы метрлік жаңа спорт кешені салауатты өмір салты секцияларын ұйымдастыруға және спорттық шараларды өткізуге арналған. Мұнда волейбол, шағын футбол, баскетбол алаңдары жабдықталған, теннис корты, күрес алаңы, екі жолақты жүгіру жолы бар. Бұл – «Самұрық-Қазына» АҚ демеушілігімен салынып, биыл пайдалануға берілетін еліміздегі 5 кешеннің алғашқысы.

Еске салсақ, күні кеше мереке қарсаңында Шиелі ауданында тұрғындарға жаңа тұрғын үй кілттері табысталып, дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.

 

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 29.08.2023
  • 186
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика