- Блогтар
- Есқараев А.Н.
Есқараев А.Н.
ҚР Әдiлет министрi
Қазақстан Республикасы Әділет министрі Азамат Есқараев Қытай Халық Республикасының Әділет министрі Хэ Жунмен кездесті
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Әділет министрлерінің кеңесі шеңберінде ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінде Шанхай қаласында (ҚХР) Қазақстан Республикасының Әділет министрі Азамат Есқараев пен Қытай Халық Республикасының Әділет министрі Хэ Жун арасында кездесу өтті.
Кездесу барысында тараптар құқықтық салада қалыптасқан ынтымақтастықты одан әрі дамыту және нығайту, елдер арасындағы сот сараптамасында тәжірибе алмасу, сондай-ақ министрліктердің одан әрі өзара іс-қимыл жасау мәселелерін талқылады.
- 05.09.2023
- 113