• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ЖАУАПТЫ КЕЗЕҢ ТЫҢҒЫЛЫҚТЫ ДАЙЫНДЫҚТЫ ТАЛАП ЕТЕДІ

Бүгін ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында егін жинау науқаны, жаңа «Бюджет кодексі» жобасы, алдағы жылу беру маусымына дайындық барысы талқыланды.

Үкімет отырысынан кейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев арнайы мәжіліс өткізіп, күрішті жауын-шашынға қалдырмай, уақытылы жинап алуды тапсырды. Шаруа қожалықтарын жанар-жағармаймен қамтамасыз ету, егістікке алынған су төлемінің уақытылы төленуін қадағалау қажеттігі ескертілді. Қала, аудан әкімдіктері алдағы жылы егілетін дақылдардың егіс көлемі сызбасын, су үнемдеу технологияларын пайдалану арқылы егілетін егіс көлемін тиісті құжаттарымен бірге осы жылдың 1 желтоқсанына дейін облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына ұсынуы қажет.

Нұрлыбек Машбекұлы екінші мәселе – жаңа «Бюджет кодексі» жобасына қатысты бағдарлама әкімшілеріне, қала және аудан әкімдіктеріне 2024-2026 жылдарға арналған бюджетті жоспарлау кезінде нәтижеге бағытталған бюджет жүйесін қалыптастыруға мән беруі керектігін қаперге салды.

«Бюджет қаржысы тиімді жоспарланып, оның әлеуметтік-экономикалық қайтарымы болуы тиіс. 2024 жылға облыстық басқармалар және қала, аудан әкімдіктері тарапынан Қаржы министрлігіне 202 млрд.теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылып, тек 85,4 млрд.теңгесі, яғни 42 пайызы ғана қолдау тапты. Инфрақұрылым желілерін тартуға, абаттандыруға, газдандыруға, тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге, жол салуға бағытталған 116,6 млрд.теңгенің жобалары қолдау таппаған. Бұл жобалар өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың қолайлы өмір сүруіне оң ықпал етеді. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Көлік, Өнеркәсіп және құрылыс, Су ресурстары және ирригация, Мәдениет және ақпарат, Туризм және спорт, Сауда және интеграция министрліктері құрылды. Осы ретте, облыстық басқармалар, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктері жаңа министрліктермен тиісті жұмыс жүргізуі қажет», – деді аймақ басшысы.

Үкімет отырысында қаралған тағы бір мәселе – алдағы жылу беру маусымына дайындық бойынша облыс әкімі жауапты сала басшыларына әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің әзірлігін мұқият қадағалап, қажетті отын қорын уақытылы жеткізуді тапсырды.

Мәжіліс қорытындысында облыс әкімі өткен аптада Астана қаласында болған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін жоғары деңгейде ұйымдастыруға атсалысқан азаматтарға алғыс білдіріп, алдағы уақытта мұндай шараны өңірде де өткізу жөнінде тапсырма берді.

 

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 19.09.2023
  • 173
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика