• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ӘРІПТЕСТЕРІ ҚОС МЕРЕЙТОЙ ИЕСІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ел ағалары Шахизат Төребаев пен Қожахмет Баймахановты мерейтойымен құттықтады.

 «Бүгін біз қос мерейтой иесінің қуанышына орай жиналдық. Қоғам қайраткері, Қармақшы, Жалағаш аудандары және Қызылорда қаласының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Төребаев Шахизат Хамитұлы мерейлі 75 жасқа, мемлекет және қоғам қайраткері, Қызылорда облысының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Баймаханов Қожахмет Мәдібайұлы 70 жасқа толды. Екі ағамыз да киелі Сыр бойындағы шежіре тұнған, жан сарайы жырға толы асылдар туған Жалағаш ауданында дүниеге келіп, туған жерінің құрметіне бөленіп келеді. Біз де елдік мүддені жоғары қоятын, парасаты биік, адами болмысы асқақ, абыройлы ағаларымызға қарап бой түзейміз», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Шахизат Хамитұлы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына, соның ішінде аймақтағы қоршаған ортаны қорғау саласына, экологияны жақсартуға зор үлес қосты. Нарыққа өту кезеңiнде шағын кәсiпкерлiктiң дамуына, кооперативтердiң құрылуына, яғни ел экономикасының жаңа жүйеге бетбұрыс жасау уақытындағы бастамаларға атсалысты. Облыс орталығын абаттандыруға, сәулеттi ғимараттардың бой түзеуiне еңбек сіңірді. Парламент Мәжілісінің депутаты кезiнде Шахизат Хамитұлы Қоршаған ортаны қорғау туралы заңның шығуына белсене қатысты. Ғылыми iзденiстерінің көкжиегін кеңейтіп, 1997 жылы «Арал өңiрiнiң экологиялық проблемалары» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап,  8 ғылыми мақаланың авторы атанды.

Құрылыс саласында өзіндік қолтаңбасы бар мемлекет және қоғам қайраткері Қожахмет Мәдібайұлы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиын-қыстау кезеңде ел тізгінін қолға алып, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында аянбай еңбек етті. Қызылорда қаласының әкімі болған жылдары облыс орталығында «Тағзым алаңы», «Қорқыт ата» кітабының 1300 жылдығына арналған мемориал, «Қорқыт ата» әуежайы, «Еуразия» мәдени-спорт кешені, аквапарк секілді жаңа нысандар бой көтеріп, «Сарқырама» каналы қайта қалпына келтірілді. Қазір ол басқаратын «Асар Холдинг ЛТД» компаниясы тұрғын үй кешендері мен халыққа қызмет көрсету орталықтарын салып, аймақ экономикасына үлес қосуда.

Актив отырысында Шахизат Хамитұлына және Қожахмет Мәдібайұлына «Құрмет» грамотасы табысталды.

Жиында Жалағаш аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев, мемлекет және қоғам қайраткерлері Бақберген Досманбетов, Бақыт Нұртазаев, Батырбек Маншарипов мерейтой иелерін құттықтады.

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 21.09.2023
  • 236
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика