• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мәдиев Ж.Х.
Өткен аптада Сан-Франциско қаласында «Silkroad Innovation Hub» жобасының ресми ашылуына қатыстым

Хабта идеялары шабыттандыратын және ауқымды жобаларды одан әрі жүзеге асыруға ынталандыратын жастармен кездестім.

Silkroad Innovation Hub - бұл Орталық Еуразияны Кремний алқабындағы біртұтас аймақ ретінде ілгерілетуге, сондай-ақ IT-кәсіпкерлік саласындағы ынтымақтастыққа және фаундерлердің мықты қауымдастығын құруға жәрдемдесуге бағытталған бастама.

Стартапшылармен сөйлесе келе, өзімнің де 2018 жылдары алғаш рет осы жігіттер сияқты Кремний алқабына келіп, тиімді байланысты қалыптастыру және ешқандай қолдау-көмексіз венчурлық қорлармен қарым-қатынас орнату қаншалықты қиын екенін түсінген кезім еске түсті. Ал егер, сіз жаңа бастамаларға енді ғана қадам басқан жас стартапшы болсаңыз, онда бұл тіпті мүмкін емес.

Осындай қиындықтар өз басымнан өткеннен кейін маған Сан-Францискода, IT-индустрияның “отанында” осындай Хабтың негізін қалау идеясы келді. Осы арқылы біз қазақстандық жас стартапшылар мен бүгінге дейін өзін қалыптастырып үлгерген IT-компанияларға Кремний алқабына келуге, халықаралық деңгейдегі алыптармен серіктестік орнатуға және қажетті экожүйеге қол жеткізуге көмектесетін хаб құрдық.
Хабты бекерден бекер «Silkroad Innovation Hub» деп атаған жоқпыз. Хаб біздің стратегиялық жоспарымыз бойынша, Орталық Еуразиядан Кремний алқабына дейінгі цифрлық Жібек жолына айналады.

Silkroad Innovation Hub аймақтағы IT-кәсіпқойлар, кәсіпкерлер және инноваторлар арасында білім алмасу және серіктестіктерді дамытудың негізгі платформасы болмақ.
Хабтың ресми ашылуына түркі елдерінің салалық министрліктерінен әріптестерім, Орталық Еуразия елдерінен келген ресми тұлғалар мен дипломаттар қатысты. Олардың барлығы бұл идеяны қолдай келе, жаңа қоғамдастықтың бір бөлігіне айналды. Мен Хабтың Орталық Азиядан жаңа стартап жобаларды тарту нүктесіне айналатынына және түркі елдерінің цифрлық шешімдерді қолдану аясын кеңейтейтініне сенемін.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жуырда Душанбеде сөйлеген сөзінде Қазақстан цифрландыру сынды стратегиялық маңызы бар салада өзінің жақын көршілерімен ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуды жақтайтынын атап өткен еді. Сондықтан, Хабтың ашылуы сөзсіз, осы бағыттағы маңызды бастама болады деп есептеймін.

Silkroad Innovation Hub жеке бренд ретінде қалыптасып, Кремний алқабында өзінің лайықты орнын алады деген сенімім бар.

  • 21.09.2023
  • 274
Мәдиев Ж.Х.
(Мұрағат)

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика