- Блогтар
- Мәдиев Ж.Х.
Мәдиев Ж.Х.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Енді ерлі-зайыптылардың нотариалдық келісімін eGov mobile қосымшасында онлайн рәсімдеуге болады
Өздеріңіз білетіндей, жылжымайтын мүлікті немесе кез келген басқа мүлікті қайта рәсімдеу үшін алдымен, жұбайлардың нотариаттық келісімін рәсімдеу қажет.
2022 жылғы мәлімет бойынша ерлі-зайыптылардың 800 мың келісімі берілгенін білесіздер ме? Бұл олардың кем дегенде бір сағат уақытын алады. Сондай-ақ, олардың бірін жұмыстан босатпайтынын немесе біреуі басқа қалада болатынын ескерсек, жағдай қиындай түсетінін көреміз.
Бізде жақсы жаңалық бар! Енді ерлі-зайыптылардың нотариалдық келісімін eGov mobile қосымшасында онлайн рәсімдеуге болады.
Бұл функцияға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен және республикалық нотариаттық палатамен бірлескен жұмыстың нәтижесінде қол жеткізілді.
- 25.09.2023
- 194