• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сәрсембаев Е.Ж.
Сәрсембаев Е.Ж.

ҚР Әдiлет министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Әлем бойынша құны 500 миллиард АҚШ долларына бағаланатын контрафактілік өнім сауда айналымында жүр

Астанада халықаралық сарапшылардың қатысуымен зияткерлік меншік құқықтарын қорғауға арналған семинар өтуде. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген сарапшылар контрафактілік өнімдермен күресу тәжірибелерімен бөліседі.

Іс-шаранының ашылуында сөз сөйлеген ҚР Әділет министрі Азамат Есқараевтың айтуынша мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында елдегі экономика ауқымды дамуы үшін барлық жағдайды жасау керектігін айтқан болатын. Соның ішінде зияткерлік меншік құқығын қорғауға баса назар аударылуда. «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін құру арқылы ғана инновациялар мен шығармашылық өркендей түспек. Ал қазіргі уақытта дүниежүзілік сауда ұйымының мәліметі бойынша, жаһандық саудадағы контрафактілік өнімдердің көлемі 500 миллиард АҚШ долларына бағаланады», - деді министр.

Шара барысында семинарға қатысушылар әлемдегі зияткерлік меншіктің маңыздылығына тоқталып, контрафактілік өнімдермен бірлесіп күресу қажеттігін айтты. Мәселен 2022 жылы Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мүше мемлекеттер аумағында зияткерлік меншік саласындағы алты мыңнан астам құқық бұзушылық пен қылмыс анықталғанын атап өтті. Тәркіленген контрафактілік тауарлардың көлемі шамамен тоғыз миллион дананы құрады.

Солтүстік-Шығыс Еуропа бойынша аймақтық директор Казимерас Сарзицкастың айтуынша, әлемде тәркіленген контрафактілік өнімдердің басым бөлігі - балалар ойыншықтары. Балалар – ең көп контрафактілік өнімдерге тап болатын қоғамның қорғалмаған бөлігі деді ол.

Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша өтіп жатқан семинар қатысушылар мен халықаралық сарапшылардың басын қосып, зияткерлік меншік саласындағы тәжірибе мен білім алмасуға таптырмас алаң екені анық. Осы мақсатта ДЗМҰ, REACT қауымдастығы, Қырғызстанның, Тәжікстанның және Өзбекстанның патенттік ведомстволары, патенттік сенім білдірілген өкілдердің және ұжымдық құқықтарды басқару ұйымдарының өкілдері шақырылды.

Шараны Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының қолдауымен Әділет министрлігі ұйымдастырды.

  • 26.09.2023
  • 189
Сәрсембаев Е.Ж.

ҚР Әдiлет министрi

Сәрсембаев Е.Ж.
(Мұрағат)

ҚР Әдiлет министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика