- Блогтар
- Есқараев А.Н.
Есқараев А.Н.
ҚР Әдiлет министрi
Әділет министрлігінде Азамат Есқараев пен Матильда Богнердің кездесуі өтті
Астанада ҚР Әділет министрі Азамат Есқарев пен БҰҰ-ның Орталық Азиядағы адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының аймақтық кеңсесінің басшысы Матильда Богнердің кездесуі өтті. Азамат Есқараев Қазақстан БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасымен ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын атап өтті.
«Өз тарапымнан Әділет министрлігі заң үстемдігі қағидаттарын нығайту үшін сындарлы әріптестікке ашық екенін атап өткім келеді. Матильда Богнердің елімізге сапары біздің еліміздегі адам құқықтарын одан әрі дамытуға жаңа серпін береді, сондай-ақ Қазақстан мен БҰҰ Жоғарғы комиссары кеңсесі арасындағы ынтымақтастықты нығайтады», - деді Әділет министрі.
Кездесу барысында тараптар қазіргі таңдағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін және ҚР аумағында адам құқықтарын сақтау саласындағы бірлесіп жүзеге асырылып жатқан жобаларды талқылады.
- 28.09.2023
- 163