• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
КӨМІРМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте өңірде  көмір қорын жасақтау мәселесі қаралды.

Аймақ басшысы жылу беру маусымына дайындық барысында қажетті көмір қорын жинақтау мәселесі ең өзекті екенін атап өтті.

«Бұл мәселе Мемлекет басшысының және Үкіметтің тікелей бақылауында. Мен көмір қорын дайындауды жаз айларынан бастау қажеттігін айтып келемін. Кейбір әкімдер жұмысты әлі де  дұрыс ұйымдастырмаған. Бұған дейінгі жиналыстарда тиісті аудан әкімдеріне қатаң ескерту жасаған болатынмын. Алайда, Арал, Қазалы және Жалағаш аудандарына  қажетті көмір қорының  30 пайызы ғана жеткізілген.  Қармақшы, Жалағаш және Сырдария аудандарының көмір қоймаларындағы көрсеткіш төмен. Жылу беру маусымында көмірге қатысты ешқандай мәселе туындамауы тиіс! Операторлармен, «Қазақстан Темір Жолымен» тығыз байланысып,  жұмыс жасаңыздар», - деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Болатбек Ысмағұлов  жеткізілген отын қоры, қала, аудандардың қамтылуы туралы  баяндады.

Нұрлыбек Машбекұлы барлық жауапты басшыларға  жылу беру маусымына  дайындық барысын қатаң бақылауды тапсырды.

Жиын қорытындысымен облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына жеткізілген отын қорына күнделікті мониторинг жүргізу тапсырылды.  Ал Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктері жылу беру маусымы жоспарына сәйкес қажетті көмірді жеткізуі, қоймаларда жеткілікті  қор жинауды ұйымдастыруы тиіс. Сонымен қатар жеткізілген көмірдің тұрғындарға тікелей сатылуы бақылауға алынуы керек.

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 02.10.2023
  • 144
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика