- Блогтар
- Есқараев А.Н.
Есқараев А.Н.
ҚР Әдiлет министрi
Анкарада Қазақстан мен Түркия Әділет министрлерінің кездесуі өтті
ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев Түркия Республикасының Әділет министрі Йылмаз Тунчпен екіжақты кездесу өткізді.
Тараптар құқықтық саланы жетілдіру және екі елдің әділет министрліктерінің қызметі бойынша тәжірибе алмасу жоспарларымен бөлісті.
Қазақстандық тарап ҚР Әділет министрлігі мен Түрік Республикасының Әділет министрлігі арасында құқықтық саладағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға бастамашы болды. Бұл әділет органдары саласында тығыз өзара іс-қимыл орнатуға және ынтымақтастықты арттыруға мүмкіндік береді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар әділет саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендіктерін білдірді.
- 05.10.2023
- 176