• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУДА СЫР ӨҢІРІ КӨШБАСШЫ

Бүгін ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында халықты жұмыспен қамту шаралары мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері қаралды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың баяндауынша, «10 мың адамға 100 жұмыс орнын құру» тапсырмасын орындауда  Қызылорда облысы республикада бірінші орынға шыққан. Еңбеккерлердің міндетті зейнетақы жарнасының аударылуына, электронды еңбек келісім-шарты болуына қатысты талап 100 пайыз орындалған. Сонымен бірге аймақтың ұлттық жобаларды іске асыру көрсеткіштері республикалық орташа көрсеткіштерден жоғары.

Үкімет отырысынан кейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев арнайы мәжіліс өткізіп,  даму қарқынын тоқтатпауды ескертті.

«Көрсеткіштеріміз жаман емес, дегенмен бұл жетістікпен тоқтап қалмай, жоспарды жыл соңына дейін 100 пайыз орындауымыз керек. Жаңа көргендеріңіздей, 9 айдың қорытындысымен Өңірлік жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде биылға жоспарланған 43 898 жұмыс орнының 84,2 пайызы немесе 36 967 жұмыс орны ашылған.  Өңірлік картаның бір компоненті болып саналатын ұлттық жобалар шеңберінде 2930 жұмыс орны құрылған. Алайда, кейбір бағдарлама әкімшілерінің жылдық жоспарды орындамау қаупі бар», –  деді аймақ басшысы.

Нұрлыбек Машбекұлы Үкімет айқындаған халықты жұмыспен қамту жөніндегі міндеттемені 100 пайыз орындау керектігін атап өтті. Ол үшін барлық бағдарлама әкімшілері, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері жұмысқа орналастырылған азаматтардың зейнетақы аударымдары мен электронды еңбек келісім-шарттарының  түгел болуын қадағалап, мердігер мекемелермен, жұмыс берушілермен тиісті жұмыстар жүргізуі тиіс. Мұнан бөлек, 2024 жылға арналған өңірлік жұмыспен қамту жол картасын бекіту үшін нақты жұмыс орны ашылатын және жүзеге асырылатын жобаларды пысықтап, тізімін 15 желтоқсанға дейін облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ұсыну тапсырылды.  Зейнет жасынан асқан  қызметкерлердің орнына жұмыссыз жастарды тұрақты жұмысқа алу бойынша шаралар қабылдау керектігі де айтылды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша жақында ашылған «Анаға тағзым», «Отбасы орталығында» қиын жағдайға тап болған аналарға, қыз-келіншектерге психологиялық көмек көрсетіп, оларға бағыт-бағдар берілетіні атап өтілді. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қала, аудан әкімдіктері, қоғамдық даму басқармасымен бірге тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге, дағдарыс орталығына келушілерге қажетті көмек ұйымдастырып, мониторингті тұрақты жүргізу жөнінде тапсырма берілді.

 

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 17.10.2023
  • 190
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика