- Блогтар
- Есқараев А.Н.
Есқараев А.Н.
ҚР Әдiлет министрi
ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ DIGITAL BRIDGE 2023 форумында «Цифрлық нотариат» және «Цифрлық сот орындаушы» жобаларын ұсынды
ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев журналистермен өткен брифингте DIGITAL BRIDGE 2023 халықаралық форумында Мемлекет басшысына және форум қонақтарына әділет саласындағы ұсынылған жобалар туралы таныстырғанын айтты.
Атап айтқанда, Мемлекет басшысына «eGov мобильді» қосымшасы арқылы азаматтар сенімхаттарды, жұбайының келісімі, сондай-ақ құқықтық мәселелер бойынша онлайн кеңес ала алатын «Цифрлық нотариат» жобасы таныстырылды.
Бұл қызмет клиентті сәйкестендірудің биометриялық технологиясын, SMS-код және электрондық цифрлық қолтаңба түріндегі екі факторлы аутентификация арқылы жүзеге асады.
Министрдің айтуынша, бұл онлайн сервис пилоттық түрде іске қосылғаннан бері (осы жылдың сәуір айынан бастап) 18 мыңнан астам сенімхат куәландырылған. Сондай-ақ осы жылдың 25 қыркүйегінен бастап жұбайының онлайн келісім беру қызметін 156 отбасы пайдаланды деді министр.
Сонымен қатар форумда атқарушылық өндіруді қозғауға арналған робот таныстырылды. Пилоттық жоба қазірдің өзінде Тараз қаласында сынақтан өтіп жатыр. Бұл Цифрлық сот орындаушы сот ісін ерікті түрде орындау үшін бірқатар тапсырмаларды іске асырады.
Атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бастап оны тоқтатуға дейін апарады. Оның операцияларының тізбесіне борышкерді хабардар ету, борышкерлердің бірыңғай тізіміне енгізу, борышкердің төлемді қабылдау қызметтері кіреді. Роботты пайдалану алынатын комиссиялық төлем мәселесін жояды деп күтілуде. Бұл адамның араласуына ұшырамай роботтың көмегімен қарызды өзі төлеуге жеткілікті болады. Робот өте объективті және әділ жұмыс жасайтын болады.
Сонымен бірге, форумда «Жасанды интеллект зияткерлік меншіктің жаңа дәуірі ретінде: қазіргі заманғы үрдістер мен міндеттер» тақырыбында панельдік сессия өтті.
Министр атап өткендей, жасанды интеллект өмірдің барлық салаларына, соның ішінде зияткерлік меншікке әсер етуде, бұл жаңа мүмкіндіктер, өйткені жасанды инеллект жалған ақша жасау және авторлық құқықты бұзу үшін қолданылуы мүмкін.
А.Есқараевтың пікірінше, жасанды интеллекті дамыту зияткерлік меншікті қорғау мен басқарудың жаңа тәсілдерін қабылдауды талап етеді. Өйткені олар шығармашылық объектілерді жасаудағы ерекше адалдықты, авторлардың шығармашылығы мен даралығын, авторлардың өзіндік ерекшелігін, шығармашылық нәтижесін ескеруі тиіс.
Өз кезегінде министр министрліктің зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган ретінде осы саладағы құқықтық реттеу мәселелерін талқылауға дайын екенін атап өтті.
- 18.10.2023
- 142