• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
МЕРЕКЕГЕ ЖАҢАРТЫЛҒАН АУЛАЛАР ТАРТУ ЕТІЛДІ

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының 85 жылдығы мен Қала күні қарсаңында қайта жаңғыртудан өткен Абай даңғылы №47 үйдің ауласына барып, жерлестерді мерекемен құттықтады. «Туған жерді түлетейік» бастамасына белсенді атсалысқан кәсіпкерлерге алғыс білдірді.

«Аймағымыздың бас шаһарында тұрғындардың мақтаныш сезімін оятып, көз қуанышына айналатын бірнеше ірі жоба жүзеге асты. Қаламызға сән берген әсем ғимараттар, көз тартар көркем аллеялар мерейтойға арнап тарту етілуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы биыл маусымда Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайда «Қалалар мен ауылдардың сәулетті, саябақтар мен ауланың таза болуы, ең алдымен, басқа біреуге емес, өзімізге керек. Жұрттың бәрі өз үйінің жайлы әрі әдемі болғанын қалайды. Бұл – дұрыс. Азаматтарымыз қоғамдық орындар мен қоршаған ортаға да дәл сондай жанашыр көзбен қарауға тиіс. Қазақстан – бәрімізге ортақ, оның қандай болатыны тек бізге байланысты, яғни, біз іші де, сырты да бүтін ел болуымыз керек» деген болатын. Қала – өз үйіміз. Оған қамқорлықпен қарау – әрбіріміздің азаматтық борышымыз. Туған жерімізді, туған қаламызды бірге түлетейік!», – деді аймақ басшысы.

Нұрлыбек Машбекұлы ойын және футбол алаңдарындағы жеткіншектерге естелік сыйлықтар табыстады, тұрғындармен  пікірлесті. Аулаларды жаңартуға демеуші болған «Қыран» компаниясы мен оның басшысы, кәсіпкер Жайсаң Сыздықов Құрмет грамотасымен, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген мекемелердің қызметкерлері алғыс хатпен марапатталды.

Бүгінде Сыр өңірінің кәсіпкерлері мен меценаттар туған жерді түлету жобаларына 37 млрд. теңгеден астам қаржы құйды. Жаңашыл бастамалардың басым бөлігі Қызылорда қаласында жүзеге асуда. Жақында «Анаға тағзым» орталығы және «Отбасы орталығы» пайдалануға берілді. «Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалы салынуда. «Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірлесіп Қызылорда қаласындағы теміржол вокзалы, кәсіпкер Асқар Әубәкіровтің демеушілігімен Орталық алаң қайта жаңғыртылуда. Заманауи үлгідегі «Оқушылар сарайының» құрылысы басталды. Жыл соңына дейін музыкалық колледж ғимараты бой көтереді.  Маусым айынан бері 1,1 млрд.теңгеге облыс орталығындағы 28 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері заманауи панельдермен қапталды, 1 млрд.теңгеге 20 көпқабатты тұрғын үйдің аулалары абаттандырылды. Өткен жылы аймағымызда демеушілер құны 1,6 млрд теңге болатын 80 балалар ойын алаңын салып берді. Оның 50-і Қызылорда қаласында.

 

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 19.10.2023
  • 153
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика