- Блогтар
- Есқараев А.Н.
Есқараев А.Н.
ҚР Әдiлет министрi
Алдағы жария тыңдау туралы хабарландыру
Тыңдауды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жері: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Астана қаласы Мәңгілік Ел даңғылы, 8 Министрліктер үйі, 13-кіреберіс;
Тыңдауды өткізу күні, орны және уақыты: Астана қаласы, Керей-Жанибек хандары көшесі, 4, ZOOM арқылы, 2023 жылғы 10 қарашада, сағат 16.00;
Субъектінің атауы: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
Хабарлама немесе ақпарат берілген баға жобаларын жариялауға мемлекеттік монополияға жатқызылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің түрі: Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу.
Бағалар «Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 134 бұйрығына сәйкес есептелген.
Уәкілетті мемлекеттік органның ақпарат алуға болатын байланыс телефондары: 8 (7172) 55 88 28.
Субъектінің ақпарат алуға болатын байланыс телефондары: 8 (7172) 95-50-38, ішкі 135, ұялы тел. 87716656035.
Субъектінің интернет-ресурсының мекенжайы (бар болса): r.kasymgozhina@gov4c.kz және a.indrisova@gov4c.kz.
Жария тыңдаулар - бұл тұтынушыларды, монополияға қарсы органның, мемлекеттік қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен мемлекеттік монополия субъектілерін шақыра отырып, уәкілетті мемлекеттік орган жүргізетін мемлекеттік монополияға жатқызылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бағаларының жобасын талқылау рәсімі.
- 20.10.2023
- 212