- Блогтар
- Есқараев А.Н.
Есқараев А.Н.
ҚР Әдiлет министрi
Әділет министрі Республика күніне орай қызметкерлерді марапаттады
Бүгін Әділет министрлігінде министр Азамат Есқараевтың қатысуымен Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ең басты мейрамы – Республика күні екенін және бұл – қазақтың мемлекеттілік дәстүрі қайта жаңғырған тарихи күн екенін атап өткен болатын.
Министр Әділет органдары қызметкерлерін мерекемен құттықтай отырып, әділет органдары саласында атқарып жатқан жұмыстар үшін алғыс білдірді. Осы салада ерен еңбектерімен көзге түскен бірқатар қызметкерлерді мемлекеттік наградалармен марапаттады.
- 24.10.2023
- 181