• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚЫЗЫЛОРДАДА СЕУЛТЕХ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде СеулТех Жасанды интеллект және информатика жоғары мектебінің ашылу рәсіміне қатысты.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, СеулТех университетінің профессоры Джесу Ким, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Қазыбай Құдайбергенұлы салтанатты іс-шараның құрметті қонағы болды.

​Аймақ басшысы жерлестерін ғылым мен жоғары технологиялар саласында көшбасшы саналатын Оңтүстік Корея елі тәжірибесінің Қызылорда облысына енгізілуімен құттықтады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін толыққанды пайдаланғанда ғана білім экономикасына қарай сапалы серпіліс жасай аламыз, елімізде кем дегенде 3 жоғары оқу орны осы саламен айналысуы керек» деген тапсырмасы жоспарымызды жүзеге асыруға мықты негіз болды. Мамыр айында Корея Республикасына жасаған іссапарымда Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университетінің президентімен арнайы кездесіп, әріптестікке қатысты мәселелерді  талқыладық. Сол жүргізілген келіссөздердің алғашқы нәтижесі – бүгінгі жоғары мектептің ашылуы. Қорқыт Ата университеті базасында жасанды интеллект мектебінің құрылуы – тек Қызылорда облысының ғана емес, еліміздің білім кеңістігіндегі үлкен жетістік. Аймағымыз экономика, ауылшаруашылығы саласында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп ғана қоймай, білім, ғылым, IT-технологиялар, киберқауіпсіздік және компьютерлік ғылымдар саласында да жұмысты күшейте бермек. Жасанды интеллект бағытында маман даярлау Сыр өңірінен бастау алғаны бізді ерекше қуантады», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Іс-шарада ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Сеул Ұлттық Ғылым және технологиялар университеті кванттық жасанды интеллект қауіпсіздігі әлемдік орталығының директоры, профессор Джесу Ким қызылордалықтарды құттықтап, Сыр өңірінің озық технологиялар мекені атануына тілектестік білдірді.

Ашылу рәсімінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ардагерлер кеңесінің төрағасы, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Қазыбай Құдайбергенұлы «Парасат» орденімен наградталды.

Қызылордада СеулТех университетінің филиалы ашылғанда жыл сайын білім алушыларға арнайы грант бөлініп, студенттер IT-технология, киберқауіпсіздік және компьютерлік ғылымдар бойынша білім алады.

 

      

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 06.11.2023
  • 174
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика