- Блогтар
- Есқараев А.Н.
Есқараев А.Н.
ҚР Әдiлет министрi
«Асыраушысынан айырылған адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы өзекті мәселелер»
2023 жылғы 10 қарашада 15 сағат 00 минутта (мемлекеттік тілде) және 16 сағат 00 минутта (орыс тілінде) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық ақпараттық қызметімен: «Асыраушысынан айырылған адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы өзекті мәселелер» тақырыбында вебинар нысанында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша онлайн-курс өткізіледі.
Вебинарға қатысушы бола отырып, Сіз келесі мәселелер бойынша ақпарат ала аласыз: асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау және төлеу тәртібі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем, асыраушысынан айырылған адамдар үшін жәрдемақы және әлеуметтік төлем алушылардың құқықтары мен міндеттері, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшері асыраушысынан айырылған адамдар үшін жәрдемақыдан және әлеуметтік төлемнен ұстап қалу, тоқтата тұру, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді қайта бастау және тоқтату.
Вебинардың теориялық бөлімінен кейін қатысушылар тақырып бойынша қызықтыратын сұрақтарды қоюға мүмкіндік алады.
Вебинар ҚР ӘМ «ЗҚАИ» ШЖҚ РМК YouTube арнасында өткізіледі.
YouTube арнасына сілтеме https://www.youtube.com/user/rkaokz.
15.00 - де вебинар мемлекеттік тілде өткізіледі.
16.00 - де вебинар орыс тілінде өткізіледі.
Алдағы онлайн-курс бойынша қосымша ақпаратты телефондар арқылы алуға болады: 119; 8 (7172) 58 00 58.
- 08.11.2023
- 228