• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мәдиев Ж.Х.
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
20 миллион! Қазақстан халқының саны ресми түрде 20 миллионға жетті

Ұлытау, Атырау, Ақмола, Түркістан мен Жетісу облыстарында еліміздің 20 миллионыншы тұрғындары дүниеге келді. Бес балаға еліміздің 20 миллионыншы азаматы екенін айғақтайтын арнайы туу туралы куәліктері дайындалды.

Осы орайда, мен қазіргі таңда проактивті көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ана өмірін қаншалықты жеңілдеткенін айрықша атап өткім келеді. Осыдан 16 жыл бұрын үлкен қызымыздың туу туралы куәлігін қалай алғанымызды, ол үшін көптеген құжат жинап, кезекте тұрғанымыз есіме түсті. Ал өткен жылы кенже баламыз дүниеге келгенде, жұбайым туу туралы куәлікті eGov mobile қосымшасын пайдала отырып, бір хабарлама жіберу арқылы алған еді. Бұл процесс сөзсіз, ата-аналардың уақытын айтартықтай үнемдейтінін және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға септігін тигізетінін атап өткен жөн.

Біз туу туралы куәлікті алу қызметін 4-30 күннен 5 минутқа дейін қысқарттық және оны онлайн форматқа ауыстырдық. Қазір перзентханада нәрестесін дүниеге әкелген жас анаға мобильді қосымша арқылы баланың тууымен құттықтаған хабарлама келіп түседі, онда баланың аты-жөнін жазады, содан кейін туу туралы цифрлық куәлікті, бұған қоса, банктің көрсетілген картасына бала туу және нәресте күтіміне берілетін жәрдемақыны алады.

Қазақстанда жыл сайын 400 мыңға жуық бала дүниеге келеді, олардың 68% - інің құжаттары проактивті/онлайн форматта рәсімделеді. Бүгінгі күнге дейін көптеген қазақстандықтың арасында осы функция жоғары бағаланып келеді.

Айтпақшы, еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны 14 қарашада сағат 08:10-да дүниеге келген екен. Жас аналардың бірі Диана Әзімбаева «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жетісу облысы бойынша филиалының қызметкері екенін айрықша атап өткім келеді. Ол Талдықорған қаласының әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде 2021 жылдың 1 қазанынан бастап жетекші сарапшы болып жұмыс істейді. Диана дүниеге ұл әкелді, ол – отбасындағы төртінші бала. Бұл отбасында екі ұл мен қыз өсіп келеді.

Осы орайда, әріптесімізді және барша бақытты аналарды құттықтаймын!

  • 17.11.2023
  • 229
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

Мәдиев Ж.Х.
(Мұрағат)

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика