• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
АВТОЖОЛДАРДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет мәжілісінде автожол саласын, сауда биржаларын дамыту мәселелері қаралды.

Ведомство басшылары мен кейбір өңір әкімдері атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттер жайлы хабарлама жасады.

Жиында қызылша ауруының күрт өсуі күн тәртібінен тыс қаралды. Премьер-министр елімізде аурудың таралуын мүмкіндігінше тезірек тоқтату керектігін атап өтті.

Үкімет жиынынан кейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев арнайы мәжіліс өткізіп,  аталған мәселелер бойынша негізгі жұмыс бағыттарын белгіледі.

«Биыл жол инфрақұрылымын дамытуға бюджеттен 37,1 млрд. теңге бөлініп, 603 шақырым автомобиль жолдары, көшелер және көпір өткелдері жөнделуде. Бүгінгі күнге бөлінген қаржының 71 пайызы игерілген. Келесі жылға мемлекеттік бағдарламалар аясында республикалық бюджетке 53 млрд теңгенің 84 жобасы ұсынылды. Әзірге 14,3 млрд. теңгенің 31 жобасы қолдау тапты. Алдағы жылға межеленген индикаторлық көрсеткішті 90%-ға жеткізу үшін республикалық бюджеттен қосымша қаржы тартуға салалық министрлікпен жұмыс жүргізу қажет», – деді аймақ басшысы.

Қала, аудан әкімдері мен жауапты мекеме басшылары облыста жол жөндеу және бюджеттен бөлінген қаражатты игеру барысын баяндады.

Жиын қорытындысымен Қызылорда қаласы және аудан әкімдеріне жол құрылысы жобаларына қаралған қаржыны жыл соңына дейін толық игеріп, автомобиль жолдары мен көшелерді салу, қайта жаңғырту, жөндеу, күтіп-ұстау жұмыстарының сапасын қатаң бақылауға алу тапсырылды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Президент тапсырмасына сәйкес әзірленген сауда биржаларын дамыту жөніндегі заң жобасын облыстағы орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерімен бірлесе қарап, қажетті ұсыныстар енгізу міндеттелді. Мұнан бөлек, брокерлер мен клирингтік орталықтарды қаржы мониторингінің субъектісі санатына енгізу үшін зерделеу жұмыстарын жүргізу қажет.

Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс қаралған мәселе бойынша Нұрлыбек Машбекұлы жауапты сала басшыларына қызылшамен күрес жұмыстарын күшейтуді  тапсырды.

 

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 29.11.2023
  • 178
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика