• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
СЫР ЕЛІНДЕ АЛҒАШ РЕТ ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ОБЛЫСТЫҚ СЛЕТІ ӨТКІЗІЛМЕК

Биыл облыста алғаш рет жас мемлекеттік қызметшілерді мәдени-көпшілік, интелектуалдық және спорттық шараларға қатыстырып, нетворкинг алаңын құруға, қолдауға бағытталған «Парасат жолы» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда.  Жоба аясында өткен шараларға мыңнан аса мемлекеттік қызметші белсенді қатысты.

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жас мемлекеттік қызметшілердің «Парасат жолы» облыстық слеті аясында Сыр еліне келген ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбілмен кездесіп, Қызылорда облысындағы мемлекеттік қызметшілерді қолдау, мемқызметтің әлеуетін арттыру шараларын талқылады.

Аймақ басшысы мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыруда, тәжірибе, өзара пікір алмасу алаңына айналдыруда бұл шараның маңызы зор екенін атап өтті.

«Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруға, қызметтік өсуіне жағдай жасау ұдайы назарда. Биыл өңірде 96 мемлекеттік қызметкер қайта даярлаудан өтті, 697-сі біліктілік арттыру курстарында машығын жетілдірді. Өңірлік резервті қалыптастыру үшін құзыреттерді бағалауды жүзеге асыратын ассесмент қызметіне қажетті қаржы қаралуда. Аймақтағы мемлекеттік қызметшілердің Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім жетілдіруіне, академия түлектерінің ел дамуы жолында аянбай еңбек етуіне қолдау білдіруге дайынбыз», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Өз кезегінде Ерлан Қуанышұлы облыс әкіміне көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтып, алдағы уақытта да тиімді әріптестік орнатуға ниет білдірді.

Айта кетейік, Сыр өңірінде 3200-ден астам мемлекеттік қызметші түрлі салада еңбек етеді, 35 жасқа дейінгі 471 жас мемлекеттік қызметші бар. Олардың 20-сы – Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, 3-еуі – «Болашақ» бағдарламасының  түлегі. Өткен жылы Қызылорда облысында 9 мемлекеттік қызметші Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының грантын иеленсе, биыл 6 мемлекеттік қызметші академияда жаңа білім дағдыларын меңгеруде.

 

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 29.11.2023
  • 248
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика