• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласында 350 орындық Оқушылар cарайының іргетасын қалау  рәсіміне қатысты.

Аймақ басшысы жерлестерін заманауи қосымша білім беру орталығының құрылысы басталуымен  құттықтады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз» деп, балаларға терең әрі тағылымды тәрбие беру қажет екенін атап өтті. Өздеріңіз жақсы білесіздер, Президентіміздің және Үкімет деңгейіндегі жан-жақты қолдаудың нәтижесінде Сыр өңірінде тың жобалар жүзеге асуда. Жарасымды істің жалғасы ретінде бүгін, міне, шаһардың сол жағалауынан «ҚазГерМұнай» компаниясының демеушілігімен 2,3 млрд теңге болатын заманауи үлгідегі Оқушылар сарайының іргетасы қалануда. Жаңа нысан білім мен тәрбие ордасына айналып, онда жеткіншектердің бос уақытын тиімді өткізуіне оңтайлы мүмкіндік жасалады. Балаларға көл-көсір қуаныш сыйлаған компания ұжымына Сыр жұртшылығы атынан шынайы алғысымызды білдіреміз», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Іс-шарада Қызылорда облысының Құрметті азаматы Әлима Әбдіхалықова да ізгі тілек білдірді.

Айта кетейік, өңірдің білім саласына 278 млрд теңге бөлініп, ауқымды жобалар сәтті жүзеге асырылуда.  Қазан айында Қызылорда қаласында 600 орындық, қараша айында Шиелі ауданы Байсын ауылында 250 орындық мектептің жаңа ғимараты ел игілігіне табысталды. Бұдан бөлек, Қызылорда қаласындағы 4 мектепке
1850 орындық қосымша ғимарат салынды. Жыл соңына дейін Қазалы ауданындағы 250 орындық, Жаңақорған ауданындағы 300 орындық жаңа мектептер пайдалануға берілмек.

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірімізде 12 300 орындық 21 мектеп салынады. Биыл 10 мектептің құрылысы басталды. Оның бесеуі облыс орталығынан бой көтеруде. Ал қалған 11-інің құрылысы келер жылы қолға алынады.

«Білімді қолдау қоры» есебінен құны 7 млрд. 900 млн теңгені құрайтын дарынды балаларға арналған 400 орындық физика-математика бағытындағы мектеп-интернаттың құрылысы қарқынды жүруде. Жыл соңына дейін «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен сол жағалаудан  4 млрд. 800 млн теңгеге музыкалық колледждің жаңа ғимаратының құрылысы басталмақ.

 

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 08.12.2023
  • 238
Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика