- Блогтар
- Есқараев А.Н.
Есқараев А.Н.
ҚР Әдiлет министрi
ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев Президенттік жастар кадрлық резервінің өкілдерімен кездесті
Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Әділет министрі Азамат Есқараев президенттік кадрлық резервке алынған жас мамандармен кездесті.
Іс-шара барысында министр Әділет органдарының қызметі мен негізгі жұмыс бағыттары туралы айтты.
Атап айтқанда, цифрлық сот төрелігінің жаңа мемлекеттік қызметтерін енгізу және цифрландыру, атқарушылық өндіріс, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, құқықтық насихат жұмыстары, заңнамаларды дамыту мен жетілдіру мәселелері және алдағы кезеңге арналған міндеттермен таныстырды.
«Әділет министрлігі 2024-2026 жылдарға арналған азаматтардың құқықтық санасын арттыру жоспарын әзірледі. Біз ешкімді қызмет бағыттары бойынша бөлмейміз, құқықтық түсіндіру жұмыстарына барлық өңірлерді қамтуды жоспарлап отырмыз», - деді министр.
Жиын соңында Азамат Есқараев Президенттік жастар кадрлық резерві өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Диалог барысында жастар бастамаларының құқықтық аспектілеріне қатысты тақырыптар, сондай-ақ олардың құқықтық стандарттарды қалыптастыруға және құқықтық жүйені жетілдіру жұмыстарына атсалысуға қатысты мәселелер талқыланды.
Министр жастардың бастамаларын қолдайтынын айтып, болашақта Қазақстанның құқықтық дамуы үшін маңыздылығы зор екенін атап өтті. «Сіздердің идеяларыңыз бен бастамаларыңызға үміт артамыз және құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы бірлескен жұмысқа қатысуға шақырамын»- деді министр.
- 08.12.2023
- 224