- Блогтар
- Мәдиев Ж.Х.
Мәдиев Ж.Х.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Әлеуметтік желілерден көлік жүргізудің тәжірибелік емтиханын тапсырудың жаңа ережелері бойынша бірқатар хабарламалар алдым. Сондықтан, мәселенің анық-қанығына көз жеткізу үшін өзім барып, тексеруді жөн көрдім
Біріншіден, біз теориялық емтихандарды өткізу рәсімдерін жетілдіруге айрықша назар аударамыз. Бұған дейінгі тәжірибе бізге өзге ұйымдардың бұл мәселеге араласуы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері барын көрсетті, өйткені бұл ұйымдардың өкілдері де сыбайлас жемқорлық схемалардың қатысушыларына айналған фактілер де кездесті.
Биыл 16 қазаннан бастап теориялық емтихандарды тапсыру кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында «ЖҚЕ 3.0» (жол қозғалыс ережелері) жеке бағдарламалық жүйесі іске қосылды. Ол биометрия бойынша кандидаттың жеке басын сәйкестендіруге, нақты уақыт режимінде аудио мен бейнені сканерлеуге, емтихан сыныбында үшінші тұлғалардың және емтихан тапсырушының айналасындағы артық қимыл-қозғалыстың болмауын, сондай-ақ бейнебақылау және автоматтандырылған прокторинг жүйесі арқылы емтиханның дұрыс тапсырылуын бақылауға бағытталған.
«ЖҚЕ 3.0» үміткерді сәйкестендіруге, оның білімін бағалауға, қабылдаушы-таратушы құрылғыларды, материалдарды электрондық немесе қағаз нұсқаларда пайдалануды болдырмауға мүмкіндік беретініне байланысты емтихан тапсырушының қимыл-қозғалысын бақылайды, орын алған бұзушылықтарды бақылау процесі жүйе арқылы автоматты түрде жүргізіледі.
Ең бастысы, теориялық емтиханды тапсыру процесі енді мамандандырылған ХҚКО залдарында және youtube-те емтихан сабақтарын трансляциялаудың арқасында ашық болды. Трансляцияларға сілтемелер https://booking.gov4c.kz/ сайтында жарияланады. Бұл ашықтықты қамтамасыз етеді. Жақсы пікірлер де алып жатырмыз.
Сондай-ақ, 1 күннен 2 айға дейінгі емтихандарды қайта тапсыру үшін олардың мерзімдері мен санын реттеу енгізілді, сондай-ақ тыйым салынған құралдарды пайдаланатын және 3 айдан 6 айға дейінгі мерзімге биометриялық сәйкестендіруден өтпеген кандидаттарды шеттету көзделген.
Жаңа қағидалар бойынша ІІМ тарапынан «Автомектеп» ААЖ (автоматтандырылған ақпараттық жүйе) ақпараттық жүйесінің дайындығына қарай, автомектепті бітіргені туралы куәліктерді тексеру үшін оларды қолдан жасау фактілерін болдырмау мақсатында «Автомектеп» ААЖ-ның ХҚКО ИАЖ-мен интеграциясы қолдау тапты.
Сонымен қатар, кезектегі орынды сатуды болдырмау және инфрақұрылымға біркелкі жүктемені қамтамасыз ету үшін емтихан тапсыруға, оның ішінде кезекті брондауға электрондық өтінім беру мүмкіндігін жасадық.
Біз автодромдарға қойылатын талаптарды, атап айтқанда, талап етілетін учаскенің ауданын 3 есе, 1 гектардан 0,3 гектарға дейін қысқарттық, сондай-ақ автодромдарда тәжірибелік емтихан тапсыру шарттары өзгертілді. Мәселен, екі «Жылан», «90 градусқа бұрылу» және «Үдеткіш жолақ» жаттығулары алынып тасталды, «Жаяу жүргіншілер өткелі» жаттығуы реттелетін қиылыстың аймағына ауыстырылды, «Реттелмейтін қиылыстағы бұрылыстар» жаттығуы жүзеге асырылды.
Сондай-ақ, биыл ХҚКО ИАЖ 2.0 (интеграцияланған ақпараттық жүйелер) жетілдірілген нұсқасы іске қосылуда, ол мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша ақпаратты басқаруға арналған бірыңғай қолжетімділік нүктесіне айналып отыр.
Мен мамандандырылған ХҚКО желісі бойынша халыққа мемлекеттік қызмет көрсету жағдайларын оңтайландыру мен жақсартуды әрдайым қолдаймын. Жаңа жүйе аясында мамандандырылған ХҚКО-ларда бағдарламаны әзірлеу кезінде мемлекеттік органдардың сыртқы жүйелерімен кедергісіз интеграциялануға мүмкіндік беретін жаңа технологиялар пайдаланылды.
Мен жеке тест драйвтан өту үшін автодромды аралап шықтым. Бәрі қалай жүзеге асатынын өз көзіммен көрдім. Егер, дайындалса, кез келген адам емтиханды еш қиналмастан тапсырып шығуға болады. Айтпақшы, қазір мамандандырылған ХҚКО-да көлік жүргізу бойынша сынақ емтихандары да қарастырылған. Бұл өте жақсы үрдіс. Адам бірнеше рет емтиханды тапсырып көре алады. Мен жүргізуші куәлігін алған кезде, мұндай мүмкіндіктер болған жоқ.
Қазір біз үшін ең маңызды мәселе – жолдарда қауіпсіздікті барынша қамтамасыз ету. Бұл жүргізушілер емтихан тапсырған кезде ашықтық жүйесін қамтамасыз еткенде ғана мүмкін болады.
Кез келген адам жаңа әрі беймәлім нәрседен қорқатыны анық. Біз мұндай үрдіспен алғаш рет бетпе-бет келген жоқпыз. Көп жыл бойы цифрландыру және инновацияларды енгізу бағытында жұмыс істей отырып, кез келген жаңашылдықты қабылдау қиындық туғызатынына, бірақ кейін белгілі бір нәтиже көрінген кезде бастамаларымыздың әрдайым қолдау табатынына көз жеткізіп келемін.
Себебі, біз қолға алған барлық бастама адами фактордың қатысуынсыз-ақ, барлық өмірлік процестерді жеңілдетуге және оңтайландыруға, сондай-ақ, бюрократияны болдырмауға бағытталған.
- 12.12.2023
- 184